Бұл Минскіде
салынып жатқан біздің елшілік ғимаратының макеті. Құрылысы алдағы қаңтарда
бітеді екен. «Нұр.кз» порталы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне
сілтеме жасай отырып, ғимаратты тұрғызуға бюджеттен 3 млрд 121 млн 566
мың 200 теңге кеткенін хабарлады.Шығыстық стильдегі елшілік ғимараты Орлов
көшесі мен Жеңімпаздар даңғылының қиылысында беларустардың Тәуелсіздік сарайына
жақын жерде орналасқан. Архитекторы беларусь сәулетшісі Анатолий Цейтлин. Айтпақшы
қазақ елшілігінің жанында түркімендер де елшілігін көтеріп жатыр. Оның да арзан
дүние еместігі байқалады: ұқсастықтарға байланысты келтіруге болатын мысал.
Әрине, басты мысал емес...