Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Ұлттық банк:Қазақстанның валюта нарығындағы тербелістер мұнай бағасының құлдырауымен тікелей байланысты

AstanaTV
15.12.2015ж. 20:00
1532
Ұлттық банк:Қазақстанның валюта нарығындағы тербелістер мұнай бағасының құлдырауымен тікелей байланысты

Қазақстанның валюта нарығындағы тербелістер мұнай бағасының құлдырауымен тікелей байланысты.

Бүгін Ұлттық банк осылай деп мәлімдеме таратты. Желтоқсан айы басталғалы әлемде Brent маркалы мұнайдың баррелі 37,8 АҚШ валютасына дейін құлдырады. Яғни мұнай бағасы 15 пайызға төмендеп, бұл өз кезегінде айырбас бағамына қосымша салмақ салды.

Ұлттық банктің сайтында жарияланған мәлімдемеде айтылғандай, теңгенің айырбас құны әлемдік қаржы, тауар нарығындағы баға ахуалына тығыз байланысты. "Сондай-ақ ішкі нарықтағы шетел валютасына деген сұраныспен айқындалатын факторларды да ескеру қажет", - дейді еліміздің жетекші қаржы реттеуіші. 

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ 

Алдыңғы жаңалық