Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

ШҚО-да жыл басынан бері 27 мың алаяқтық тіркелген

AstanaTV
15.12.2015ж. 20:00
1090
ШҚО-да жыл басынан бері 27 мың алаяқтық тіркелген

Шығыс Қазақстан облысында алаяқтық артқан. Жыл басынан бері облыстық прокурорлар 27 мың факті тіркелгенін алға тартуда. Айлакерлер шығысқазақстандықтардың ақшаларын, жер учаскелерін және ұялы телефондарды қолды қылған. Мамандар қылмыскерлер дағдарыс кезінде белсенділіктері артатынын айтуда. Толығырақ тілшіміз тарқатады.

Ирина Рейн мына баспана өзіне тиесілі болуы керек екенін айтады. Бірақ бұл арманы жүзеге аспады. Ол алаяқтың құрбаны болды. Небәрі 30 мың АҚШ валютасына 2 бөлмелі пәтерді алып беремін деген әйел артынан жоқ болып кеткен.

Ирина Рейн:

Маған қолымдағы бар қаржыға тауып береміз деді. Қосымша құжаттарсыз, ешқандай кедергісіз. Мен неге болмасқа деп ойландым да, қаржыны бердім. Сеніп қалдым.

Ирина Рейн сияқты тағы да 92 азамат айлакерге алданыпты. Олардың барлығы нарық құнынан төмен бағаға баспаналы боламыз деген «сөзге» сенген, дейді психолог мамандар.

Анжелика Мерсиянова, психолог:

Алдаудың да арнайы тәсілдері бар. Дұрыс тыныс алу, дұрыс сөздерді айту. Зардап шеккен адамдар көп жағдайда бөтен адамға барын беріп қойғанын білмей де қалады.

Нәтижесінде алаяқтар аймақтағы тұрғындардан 2 миллион АҚШ валютасын қалтаға басқан. Артынан алданғанын түсінген олар прокуратураға арыз жазған. Жүзге жуық адамды сан соқтырып кеткен Елена Бобошконы сот 10 жылға соттаған. Ал жыл басынан облыста 27 мың алаяқтық фактісі тіркеліпті.

Абай Ысқақов,  ШҚО прокуратурасының аға прокуроры:

Бұл жағдайлар адамдардың заңдық сауаттылығының аздығынан болып отыр. Олар айлакерлерге сеніп қалады. Адамдарды алдаудың сан түрі бар. Бастысы, азаматтар қай жағдайда болсын қырағылық таныту керек.

Таяуда ғана 80 жастағы қария Лидия Кулышева алаяқтардың құрбаны болған. Қылмыскерлер, оған үйіңдегі қаржыға көз тиіпті, оны алып тастай аламын деп,  290 мың теңгесін алып кетіпті. 

Берік ХАСЕНОВ