Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Зейнетақы активтерін басқару мен инвестициялаудың жаңа тәсілдері қарастырылуда

AstanaTV
16.12.2015ж. 20:00
1326
Зейнетақы активтерін басқару мен инвестициялаудың жаңа тәсілдері қарастырылуда

Зейнетақы активтерін басқару мен инвестициялаудың жаңа тәсілдері қолға алынбақ. Бірыңғай жинақтаушы қордағы зейнетақы активтерін инвестициялау жөнінде ұсыныстар дайындауды мемлекет басшысының тапсырмасына сай Ұлттық Банк пен Үкімет бірлесіп қолға алған.

"Бұл инвестициялық стратегия уақытша болып табылады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін инвестициялау бағыттарын айқындау функциясы берілетін Қазақстанның Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес шешім қабылдағанға дейін қолданыста болады", - делінген Ұлттық Банктің хабарламасында.

Айта кетейік, 9 қарашада  Ұлттық Банк зейнетақы активтерін мемлекеттік бағалы қағаздарға инвестициялау туралы шешім қабылдады. Экономикалық саясат жөніндегі кеңес бұл шешімді қолдады. Елбасы халыққа арнаған жолдауында Ұлттық Банк Үкіметке зейнетақы активтерін басқару мен инвестициялаудың жаңа тәсілдерін әзірлеуге тапсырма берген еді.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА