$532.74 €617.23 ₽6.77
×

Ақтөбеде зағип жандар еңбек ететін массаж орталығы ашылды

AstanaTV
16.12.2015ж. 20:00
1717
Ақтөбеде зағип жандар еңбек ететін массаж орталығы ашылды

Мүмкіндігі шектеулі жандардың да кәсіппен айналысуына жағдай жасалуы тиіс. Осы мақсатта Ақтөбеде көзі көрмейтіндер еңбек ететін массаж орталығы ашылды. Жергілікті медицина колледжінде кәсіби сылап-уқалаушы мамандар даярлануда.

Мұнда мемлекеттік бағдарлама бойынша білім алып жатқан 15 зағип жан бар. Бүгін олардың 7-і тұрақты жұмысқа қол жеткізді. Олар массаждың барлық түрлерін жасауға машықтанған. Оқу орнында алған білімдерін тәжірибе түрінде жүзеге асырумен қатар нәпақа табуға да мүмкіндік туды. Бұл Елбасы жолдауына сәйкес кедергісіз орта қалыптастыру жолындағы кезекті қадам. Бүгінгі бастаманың тағы бір ерекшелігі - мүгедек жандар сал ауруына шалдыққан 3 нәрестеге сертификат табыстады. Олар енді жыл бойы массажды тегін қабылдауға мүмкіндік алды.

Қуаныш Ақпақов, уқалаушы:

Болашақта өзіміздің нанымызды табуымызға қорықпай жұмыс жасаймыз. Мысалы, осы жақта жұмыс жасап біраз тәжірибемізді аламыз. Балаларымызды асырап, ешкімге қарамай, ешкімге шектелмей, енді қуана-қуана жұмыс істейміз. 

Мансұр ЕСХОЖИН