Шымкентте ерекше көрме-мұражай ұйымдастырылды. Мұнда қойылған экспонаттар шоколадтан
жасалған. Бейнелеу өнері мұражайының ішін хош иіс жайлаған. Келушілер ресейлік шоколатье-шебер Николай Поповтың үш жүзден астам өнер туындысын көзбен көріп, қолмен ұстауға мүмкіндік алды.
Тәттіден жасалған дүниелердің арасында салмағы екі жүз келіге дейін тартатын
заттар бар. Көзге бірден көрініп тұрған - әйгілі Эйфель мұнарасы. Оның биіктігі
екі метр. Мынау әппақ күйсандық та тәттіден жасалған. Біздің ел - шоколадты музей
аялдаған бесінші мемлекет. Арнайы жасақталған Қазақстан бұрышындағы ең үлкен
экспонат - Ұлттық орталық мұражайы
есігінің көшірмесі. Салмағы 200 келі. Экспонаттар түпнұсқадан айнымайды. Сол
себепті тамашалаушылар олардың шоколадтан жасалғанына күмәнмен қарауда.
Виктория Стибло, көрменің
ұйымдастырушысы:
Мақсатымыз - адамдарға шоколадтың
тек жеуге арналған тәтті ғана еместігін көрсету. Шоколадтан да небір әдемі
дүниелер жасауға болады. Тәтті құмар көрермендеріміз жеп көргендіктен, Минскіде рояльді үш рет қайта жамауға тура
келді. Кейбіреулер шоколадтан жасалды дегенге сенбей жатады. Ал мен өнер
туындылары шикізат талғамайтынын айтқым келеді.
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ