«Еуразиялық
экономикалық одақтың құрылуы дұрыс болды, енді ары қарай алға жылжуымыз керек».
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуде Ресей президентімен кездесуі
барысында осылай деді. Ресей басшысы да Қазақстан мен Ресей арасындағы жүзеге
асып жатқан келісімдер болмаған жағдайда, екі елдің экономикасына тиетін соққы
бұдан да қуатты болуы мүмкін екендігін айтты. Сонымен қатар, екі елдің
стратегиялық серіктестігі әлемдік экономикалық қиындықтарға қарамастан, жүйелі
дамып келе жатқанын тілге тиек етті.
Ресей басшысымен өткізген кездесуінен соң, Елбасы Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік
туралы шарт ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына және Жоғарғы
Еуразиялық экономикалық комиссияның саммитіне қатысты. Нұрсұлтан Назарбаев одақ
әріптестігін Тынық мұхиты елдеріне дейін кеңейтуді ұсынды.
Нұрсұлтан
Назарбаев,
Қазақстан Республикасының Президенті:
Біз
дағдарыстың болатынын білдік, оны еңсеру үшін қажетті шараларды қабылдадық,
енді ары қарай жылжу керек. Әлбетте, елдеріміздің ішкі жалпы өнімі азайды,
тауар айналымы да бәсеңдеді. Бірақ шекараның ашықтығы мен тығыз байланыстар оң
ықпалын тигізіп отыр. Біз мұның бәрін Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің
бүгінгі отырысында талқылаймыз.
Айгүл ӘДЕПБАЙ