Бүгін
Әзірбайжан Орталық банкі ұлттық валютасын еркін айналымға жіберді. Сол-ақ екен
манаттың АҚШ ақшасына шаққандағы бағамы 47 пайызға құлдырады. РБК арнасының
мәліметінше, бұған әріптес елдер валютасының құнсыздануы себеп. Ақпанда
Әзірбайжан 34 пайызға девальвация жасап, манатты мұнай бағасына 50-55
америкалық валюта деңгейіне бейімдеген еді. Бірақ қара алтын құнының құлдырауы
манат бағамын қайта өзгертті.
Еске салайық, тамыз айында Қазақстан валюта
бағамын еркін айналымға жібергенде, бұл тәсіл теңгенің қатты күйзелісінен
көмектескен еді.