«Арселор
Миттал Теміртау» компаниясының 30 мыңдай жұмыскері кәсіпорын басшылығынан
жалақыны өсіруді сұрап, хат жолдады. Бұл туралы «Астана» телеарнасына Қарағанды
облысындағы «Қорғау» кеншілер кәсіподақ ұйымы хабарлады. Бүгінде көмір
департаменті кеншілерінің орташа еңбек ақысы 190 мың теңгеге жуықтайды. Ал
металлургтер айына 150 мыңдай жалақы алады. "Негізгі азық-түлік пен
коммуналдық қызмет ақысы қымбаттағалы, жұмыскерлер жалақысы құнсызданды",-
дейді кəсіподақ басшылары. Оның
үстіне өткен жазда жұмыс беруші жалақыны 25 пайызға қысқартпақ болған. Ол кезде
компания көмір мен металл өнімдерін сата алмай жатқанын алға тартқан еді.
Алайда, «Қорғау» жəне «Жақтау» кəсіподақтары жалақы көлемін сақтап қалды.
Енді
еңбекақыны өсіру туралы келісімді жұмысшылардың өздері жүргізбекші. Кәсіподақ
басшысының мəліметіне сүйенсек, «Арселор Миттал Теміртау» бұрынғыша көмірді мол
қазып жатыр. Ол көрсеткіш - 11 млн тонна. Ал металл өндірісі өткен жылдағыдан
10 пайызға өсіп, 3,7 млн тоннаны құрайды. Сондықтан аталған ұйым мүшелері
жалақыны өсіруге қор жетерлік, деп есептейді.
Марат
Имаш, «Қорғау» кеншілер кәсіподақ ұйымының
бөлім меңгерушісі:
Біз
тауарлардың шетелге тұрақты тасымалданып жатқанын білеміз. АҚШ валютасы да
компанияның пайдасына өсті, əлі де шарықтап барады. Ал жұмыскерлердің жалақысы,
керісінше, азайып қалды. Компания өз қалтасымен бірге жұмысшылардың да жағдайын
ойлайтын кез жетті. Ең бастысы, жалақы көтеру мәселесі басшылыққа жетті.
Айжан ҚУАШ