Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Үкіметтің келер жылға «қосымша» сценарийлері бар - Е.Досаев

AstanaTV
23.12.2015ж. 20:00
1464
Үкіметтің келер жылға «қосымша» сценарийлері бар - Е.Досаев

Құбылмалы нарыққа қосымша сценарий. Мұнай бағасы 30-35 АҚШ ваютасына жеткенде қолданылатын бюджет сценарийі келер аптада үкімет сағатында қаралмақ. Бұл туралы министр Ерболат Досаев айтты. Бұл жолы ол депутаттарға халықаралық банктерден қарыз алуды ұсынды. Мәжілістің биылғы соңғы отырысында көтерілген тақырыптарды Азамат Алдоңғаров тыңдап қайтты. 

Мәжілістің отырысы әдеттегідей заң жобаларын талқылаумен өткенімен, бүгін мерекелік көңіл-күй сезіледі. Бірақ тарқамас бұрын бірақатар заңдарды қабылдады. Досаев елдегі әлеуметтік-экономикалық жобалардың іске асуы үшін халықаралық қаржы ұйымдарынан қарыз алуды ұсынды. Депутаттар құптап, Азия даму банкінен 1 миллиард АҚШ валютасы алынатын болды.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Бұл қаржы бюджет дефицитін қаржыландыру үшін керек. 2016 жылға, өздеріңіз білесіздер, біраз әлеуметтік, экономикалық жоспарлар, жобалар бюджетте қарастырылған. Соларды қаржыландыру үшін осы Азиялық банктен алып жатқан қаражатты қолданатын боламыз.

Банк миллиардтық несиені бес жылға, оның ішіндегі алғашқы үш жылын жеңілдетілген талаппен беріп отыр. Осынша қаржатты Халықаралық Қайта құру және Даму банкінен де алу жоспарланған. Бұл үкіметтің әлемдік нарықтың құбылуына қарсы жасаған қамы. Ол үшін бірнеше сценарий де әзірленді.

Ерболат Досаев, ҚР Ұлттық экономика министрі:

Біз екі-үш вариант жаңа сценарий қарап жатырмыз. Оның ішінде мұнайдың бағасы 35-30 долларға дейін төменге түскеннен кейін сол жұмыстарымызды бітіріп, ертең үкіметте біздің экономикалық саясат кеңесін өткіземіз. Соның ішінде Ұлттық банк төрағасы, қаржы министрі, мен соның ішінде, өздеріміздің «көрістерімізбен» бөлісіп, жаңа жылға дайындаламыз. Ал жаңа жылдан кейін өзгерістер болса, сіздерге келіп бәрін айтып береміз.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:

Әрине, жұмыс көп болады деп күтілуде. Өйткені өзгерістер әлі тоқтаған жоқ, олар әлі болады деп отыр. Жақында біздің премьер-министр Қытайға барған кезде, сол жерден біраз сараптама жасап жатырмыз. Енді көріп отырмыз, батыс жақта не болып жатқанын. Сондықтан оның бәрі әсерін беруі тиісті экономикамызға. Бірақ біз оған дайын болуымыз керек. Керек, уақытылы қабылданған шаралар нәтижесін береді деп ойлаймыз. Сондықтан осы жұмыстың арқасында сыртқы факторлардың соғысы бізге жұмсарады деп ойлаймыз.

Валюта бағамының өзгеруіне байланысты 300 теңгемен есептелген бюджет жобасы қайта қарала ма деген сұраққа ешбір министр жауап қатпады. Ал депутаттар бекітпеген бір ғана заң жобасы қалды. Ол - Ресей жалдап отырған Сарышаған полигонының үлесін қайтару мен Приозерск қаласын қамтамасыз ету туралы. Бүгін толық шешімін таппаған құжатты депутаттар келер жылға қалдырды. 

Азамат АЛДОҢҒАРОВ