Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Соңғы екі жылда құқық қорғау органдарының 80-нен астам қызметкері «қысым көрсету» дерегі бойынша жазасын алды

AstanaTV
23.12.2015ж. 20:00
989
Соңғы екі жылда құқық қорғау органдарының 80-нен астам қызметкері «қысым көрсету» дерегі бойынша жазасын алды

Соңғы екі жылда құқық қорғау органдарының 80-нен астам қызметкері «қысым көрсету» дерегі бойынша жазасын алған. Бұл жөнінде арнайы брифинг барысында Бас прокурордың орынбасары Нұрмаханбет Исаев хабарлады. Оның айтуынша, мұндай деректер жиілеп барады. Тергеу кезінде азаматтарды қинап, қылмысты мойнына ілетін қызметкерлермен пәрменді күрес жүріп жатқанын жеткізді. Бұған соңғы кездері күдіктілердің прокуратураға жиі шағымдануы себеп болған.

Нұрмаханбет Исаев,  ҚР Бас прокурорының орынбасары:

Қылмысты ашу үшін қызметкерлердің тергеу барысында күдіктіге күш көрсету және психологиялық қысым жасау фактілері аз емес. Осындай жағдайларды болдырмау үшін, Бас прокурордың бұйрығымен тексеру жүргізілді. Нәтижесінде азаматтарды қинау дерегі бойынша 47 іс сотқа жіберілді. 82 қызметкер тиісті жазасын алды.   

Базаргүл ОТЫНШИЕВА