$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Шымкентте «Мейірімді жүрекпен» акциясы аясында мұқтаж отбасыларға көмек көрсетілді

AstanaTV
23.12.2015ж. 20:00
1530
Шымкентте «Мейірімді жүрекпен» акциясы аясында мұқтаж отбасыларға көмек көрсетілді

«Нұр Отан» партиясы бас болған «Мейірімді жүрекпен» қайырымдылық шарасы Шымкентте жалғасты. Бүгін қаладағы әлеуметтік әл-ауқаты төмен отбасыларға бір реттік азық-түлік пен киім-кешек таратылды. Көмек сұрай келгендер азық-түліктен бөлек, қыстық сырт киімдерге де қол жеткізді. Оларға өз өлшемдерін таңдап алуға жағдай жасалған.

Айта кетейік, бүгін Мәуліт айының алғашқы күні. Қайырымдылық шарасының осы күнге тұспа-тұс келуі бекер болмаса керек, - дейді шараға ұйытқы болғандар. Алғашқы күні жергілікті кәсіпкер Қайрат Балабиевтің өзі он отбасыға демеушілік көрсетті.

Осы шараны ұйымдастырып отырған «Нұр Отан» партиясына үлкен алғысымызды айтамыз. Осындай шара ұйымдастырып, көпбалалы аналарға, жағдайы жоқ отбасы, мүгедектерге жәрдем беріп жатыр. Үлкен рахмет! 

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ