Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Өскеменде көне Жаңа жылдық ойыншықтардың көрмесі өтті

AstanaTV
23.12.2015ж. 20:00
1409
Өскеменде көне Жаңа жылдық ойыншықтардың көрмесі өтті

Өскеменде көне Жаңа жылдық ойыншықтардың көрмесі өтті. Бұқараның назарына жүзден астам ескі бұйым қойылған. Өткен ғасырдың ортасындағы ойыншықтар жеке коллекция жинаушылар мен мұражайлардан алынған. Қарапайым картон қағазбен, мақтадан жасалған түрлі жаңажылдық ойыншықтар  40-шы жылдардың аяғында кең тараған. Олар арзан әрі сынбайтындықтан халықтың арасында үлкен сұранысқа ие болған. Көрмеде Аяз ата мен Ақшақар бейнеленген бұйымдар көптің қызығушылығын тудырды. Бұл шара келішулерге тек ертегіде жүрген әсер беріп қана қоймай, бұрын жасыл шырша қалай безендірілгенін білді.

Мақпал Таңғытова,  ШҚО этнографиялық мұражайының маманы:

Қазір кездегі Аяз аталар көбінесе батыстың Санта Клаустарына ұқсап кеткен. Ал біз көрмеде бұрын өзімізге жақын бейнесін көрсеткіміз келді. Сонымен қатар, қазір жоқ болып кеткен, ұмыт болып бара жатқан жаңа жылдық көне ойыншықтарды халыққа таныстыруды көздедік. 

Берік  ХАСЕНОВ