Байқоңырдан таңда ұшуы тиіс «Протон-М» зымыран тысығышы көкке көтерілмеді
AstanaTV
24.12.2015ж. 20:00
1701
Бүгін
Байқоңырдан таңда ұшуы тиіс «Протон-М»зымыран тысығышы көкке көтерілмеді.
Роскосмос берген мәліметке сүйенсек, зымыранның ұшуына ауа райының қолайсыздығы
себеп болған.
Нақтырақ айтсақ, желдің жылдамдығы шамадан тыс жоғары болған. «Протон-М»-ді ұшыру бір тәулікке шегерілді. Егер ауа райы тұрақталса, зымыран
Байқоңыр ғарыш айлағынан ертең таңғы 3-те ұшуы қажет. «Протон-М»зымыран тасығышы арқылы ғарышқа «Экспресс-АМУ1» телекоммуникациялық ғарыш
апаратын шығару жоспарланған.