Американың
Ресейге алған санкциясы Каспийден мұнай өндіруге кесірін тигізді. Сөйтіп көрші
мемлекеттің ең алып «Лукойл», «Газпром» секілді алпауыттары «Қазмұнайгазбен»
бірлескен жобаларын жүзеге асыра алмай отыр. Бұл туралы ресейлік ақпарат
құралдары хабарлады.
Каспийдегі «Орталық» деп аталатын кеніш жұмысының
тоқтауына шетелден бұрғылау қондырғыларының жеткізілмеуі себеп. Өйткені
санкцияға байланысты бұл қондырғыларды тасымалдауға тыйым салынып отыр. «Лукойл»
компаниясының президенті Вагит Алекперовтың айтуынша, тығырықтан шығудың
жолдары қарастырылып жатыр. «Орталық» кен өндіру орны Каспийдің орта бөлігінде,
Ресей мен Қазақстан шекарасы арасында орналасқан. Бұл аумақта
«ЦентрКаспнефтегаз», «Газпром» мен «Лукойл» және «ҚазМұнайГаз» компаниялары
бірлесіп, кен өндіріп жатқан болатын. Бұл кен орны 2008 жылы табылды. Оның 169,1 млн тонна шартты отын
өндіруге қауқарлы екені анықталды. Ал кен өндіру жобасын 2017 жылы бастау
жоспарланған еді.