Қазақстандағы тұрғын үй нарығы 8,7 пайызға қымбаттаған. Осы салаға сараптама жасаған Түркияның халықаралық ұйымы осындай дерек келтірді. Ал Түркияның өзінде соңғы бір жылда жылжымайтын мүлік бағасы 19 пайызға артыпты. Бір қызығы, қымбатшылыққа қарамастан, сұраныс жоғары. Шетелдік сатып алушылардың бестігінде орыстар бар. Қазақстандықтар да қалысар емес. Түркиядағы тілшіміз Самат Сүлей толықтырады.
Дервиш Қылыштың ұлты - қазақ. Түркияда туып-өскен. Соңғы сегіз жылдан бері құрылыс саласында. Баспана салып, сатады. Қазір қымбат қала саналатын Ыстамбұл мен Измирде бірнеше көпқабатты үй тұрғызып жатыр.
Дервиш
Қылыш, Түркиядағы құрылыс компаниясының директоры:
Қазір
бізде ең арзан үй - 220 мың доллар. Қымбаты - 710 мың. 310 квадрат метр дуплекс
дейміз. Ішінде төбеге баспалдақпен шығасыз. Астында төрт бөлме, үстінде үш
спальный бөлме бар. Баня, душы бар, ол 710 долларлық.
Түріктің
Global Yatırım Holding халықаралық ұйымы елдегі баспанасы бар шетелдіктердің
тізімін де жария етті. Олардың көшін арабтар бастап тұр. Онан кейінгі орындарда
Германия, Англия, Катар және Ресей.
Сүлейман
Улуоджак, сәулетші, экономист:
Үй
бағасына келгенде ешқандай бақылау, шектеу жоқ. Оған мемлекет еш араласпайды.
Мәселен, қымбатшылығы жағынан Анталия, Ыстамбұл және Измирдегі бағалар шамалас.
Түркияда
тұрғындарды үймен қамтамасыз ететін бағдарлама жоқ. Бірақ, үкімет төмен
пайызбен несие береді. Пайызсыз жұмыс істейтін банктер де бар.
Осман
Акюз, банктер қауымдастығының бас
хатшысы:
Түркияда
банктер арқылы үй алатындар 25 пайызды құрайды. Мәселен, Ислам банкіндегі жүйе
мынадай. Сатушы және үй алушымен үш жақты келісім жүргіземіз. Азаматтарды
қолында үйді алатын соманың 25 пайызы болуы керек. Қалған төлемін бірнеше жылға
бөліп шығарамыз. Бірақ мүлкі кепілдікке қойылады.
Самат
Сүлей, тілші:
Ресми
мәліметтерге сүйенсек, Түркияда жылына 1 млн 200 мың пәтер сатылады. Мамандар
бұл көрсеткіш биыл 15-16 пайызға артқанын айтады. Ал әлемде пәтер көп сатылатын
мемлекеттердің арасында Анадолы елі алғашқы орында.
Самат
СҮЛЕЙ