$533.61 €621.07 ₽6.78
×

Астанада «Жібек жолындағы Жаңа жылдық ертегі» деген атаумен жаңа жылдық шырша мерекесі өтті

AstanaTV
25.12.2015ж. 20:00
1717
Астанада «Жібек жолындағы Жаңа жылдық ертегі»  деген атаумен жаңа жылдық шырша мерекесі өтті

 «Жібек жолындағы Жаңа жылдық ертегі». Астанадағы Оқушылар сарайында осындай атаумен президенттік шырша өтті.

Жаңажылдық шараға 200 бала қатысты. Олардың қатарында жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған жеткіншектер бар. Көп балалы және аз қамтылған отбасынан шыққан балғындар мен мүгедек балалар, спорт пен шығармашылықта жетістікке жеткен дарындылар да мерекеде көңіл көтерді. Әсем безендірілген сарайда оларды мультфильмдегі сүйікті кейіпкерлері қарсы алды. Түркістан, Отырар, Тараз сынды көне қалалар стилінде декорация жасалған орында балалар түрлі қойылымдарды тамашалады.

Мереке барысында кішкентай қонақтарға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев арнайы бейне құттықтау жолдады. Әрбір қатысушыға Президенттің атынан кітап, жұмсақ ойыншықтар мен өзге де мерекелік сыйлықтар жиынтығы тапсырылды. 

Базаргүл ОТЫНШИЕВА