$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Сыздаған жара

AstanaTV
04.06.2016ж. 20:00
2722
Сыздаған жара

20 ғасырдың басы. Кеңес үкіметі билік құра бастаған алғашқы жылдар. Қазақ халқының бұған дейінгі көшпелі өмір салты түбегейлі өзгеріске ұшырап жатты. Индустрияландыруға жасалған алғашқы қадам, елді жаппай отырықшылыққа үндеу саясаты шаруаларға ауыр соқты. Материалдық ресурстар жойыла бастады. Компартияның сол кездегі басшысы  Голощекин 1927 жылы "Кіші Қазан" төңкерісін жариялаған соң ахуал тіпті ушыға түсті. «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» саясаты қарқын алған кез еді. Мыңды айдаған байлармен бірге қолындағы аз-маз түлігінен айрылған орта шаруа таяқ ұстап қалды. Салдары оңай болмады, 1932-33 жылдары Қазақстанда бір жарым миллион адам аштан өлді. 600 мыңдайы елін-жерін тастап, басы ауған жаққа көшті. Сол заманның зиялылары бұған көз жұмып қарай алмады.  Бірақ осы бей-жай қарай алмау олар үшін тым қымбатқа түсті. Ел үшін, ұлт үшін болған күрестің өтеуін  өз өмірлерімен өтеді. Ал біз, біз оларды ұмытқан жоқпыз әрине. Жылына бір мәрте еске алып қоямыз, мамырдың 31-де. 97-ші жылдан бері. Осы күн Қазақстанда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні болып жарияланған. Қазақты ұлт ретінде жойып жібергісі келген «көсемдердің» әрекеті ізсіз қалмады. Бұл жараның орны  толық жазылған жоқ, әлі күнге сыздайды....  

Олар қылыш қыл мойнында тұрса да қорыққан жоқ.  ¤¤Алашорда көсемдерінің бірі Әлихан Бөкейханов 1917 жылы алаш автономиясын жариялағаны туралы қаулы шығарады. Сол құжат Қазақстан тәуелсіздік алған соң араға 25 жыл салып жарыққа шықты. Ұлттық мұрағат, ішкі істер министрлігі және бас прокурутура бірлесе оытырп саяси қуғын-сүргін мен ашаршылықтан құрбан болған боздақтарға қатысты НКВД-нің «өте құпия» кестесіндегі құжаттарын жариялады.

¤¤

Саяси қуғын сүргінге ұлты зиялыларының көшін Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Міржақып Дулатов сынды нақақ күйген тұлғаларымыздың қылмыстық істері бастап тұр. Барлығы көрмеге 300-ге жуық құжат қойылды.

¤

Солақай саясат алып ұрған Ахмет Байтұрсыновтың соңғы суреттері мен саусақ іздері, Сәкен мен Бейімбеттің абақтыдағы, атылар алдындағы кейіптерін көргенде адамның жүрегі қан жыламай тұра алмайды. «Халық жауы» атанған боздақтарға қатысты қылмыстық істерде олар кеңес үкіметінің "қас жауы" деп көрсетілген.

¤

Марат Әбсеметов, ҚР Ұлттық мұрағатының бас директоры:

Мәселен, Әлиханның құжатында біз 1917 жылы автономия жарияладық дейді. Мемлекет. Ал кеше Әзірбайжандар өз мемлекетінің 80-90 жылдығын өткізіп жатыр. Сол күннен бастап 17 жылы жариялады ғой. Бізде де сондай съезд өткізген документтер бар. Халықтың екі жыл депутат сайлап кешегі Әлихандар, Мұхаметжан Тынышбаевтар кешегі сенатын сайлаған қаулы шығарған.

¤

Санжар Аспандияров, Ораз Жандосов, Темірбек Жүргенов, Жұмат Шанин, Тұрлыхан Хасенов. Бұлар-қызыл қырғын саясаттың құрбаны болған біртуар тұлғалар. Арыстардың қылмыстық істерінен «құпия» деген грифі сыпырылды.Алайда мұрағат директоры «әлі талай құжаттың "құпиясы" ашылмады. Бұған парламент араласуы керек» дейді.

¤

Марат Әбсеметов, ҚР Ұлттық мұрағатының бас директоры:

¤

Өте құпия, совершенно секретно дейді. Сол 100 қазақтың байы 5-6 млн қазақты сақтаған. Аштықтың алдында ғой. Соларды қырып тастаған соң халық қырылып қалды. Солардың не құпиялығы бар. Қазіргілер қорқады Сталин, Берия тіріліп кететіндей, олар тірілмейді.

Ішкі істер министрлігі көрмеге 42 ұлт зиялысының қылмыстық істерін берген. Олар Алашорда үкіметінің белсенділері мен оқу-ағарту ісімен айланысқан тұлғалар. Ал министрліктің веб-порталында репрессиядан ақталған 109 мың адамның ісі жарияланған. Олардың ішінде Азамат Базеновтің атасы Базен Махметовке қатысты деректер де бар. Ақпаратты туыстары мамыр айының басында ғана тапқан.

¤

Азамат Базенов,  Саяси қуған-сүргін құрбанының немересі:

¤

Бестөбе Рудный кеңесі дейді хатшы болған. Интелигенция, оқаған адам 10 жыл білімі болған. Сол кезде жала жапты ма, 3-4 кісі жазыпты, солай кетті. Сүйегін білмеймін. Мен өте риза боламын тауып берсе жатқан жерін.

Шығыс Қазақстан облысы.

1921-1954 жылдары 4 млн-ға жуық адам сотталып, оның 640 мыңы атылып кеткен. Саяси көзқарасы үшін 103 мың адам "халық жауы" атанып, 25 мыңы ату жазасына кесілді. 21 жылы ашаршылықтан қазақ халқының саны 30 пайызға дейін азайып қалды. Кей елді мекендерде қолдан жасалған нәубет халықтың 100 пайызын жайпап кетті.  Қазақ даласы кеңес заманының алып лагеріне айналды. ¤АЛЖИР, Карлаг, Сеплаг, Песчанлаг, Жезқазғанлаг. Жалпы елдегі 11 арнайы лагерде 2 миллиондай тұтқын қамалды. Риддер тайгасындағы лагерлерде 10 мыңға дейін адам ұсталған. Олардың әрбір бесіншісі жер аударылғандар еді. Шығыс Қазақстанда репрессияға ұшырағандар тізімі толықтырылып «Қайғы кітабында» басылып шықты. 

Сағанбек Ақанов, кітап авторы, ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары:

Бұл кітапта тек 4500 Өскемендік, Шығыс Қазақстандық саяси қуғын-сүргін құрбандарының есімі енгізілген. Мұндағы ең нақты деректер қандай жазаға кесілді, қайдан атылды, мамандығы не, қайда істеді нақты-нақты осында деректер көрсетілген.

Халық комиссарларының кеңесімен 1936 жылы 35 мың 739 поляк;

1937 жылы Ресейдің Шығысынан 99 мың кәріс;

1941 жылы 467 мың неміс жер аударылады. Поволжья немістерін 24 сағатта көшірген. 

1944 жылы 346 мың шешен-ингуш халқының өкілдері күштеп қоныстандырылады қазақ даласына.

Тоталитарлық биліктің қолдан жасаған «тозағында» талай атқамінеріміз күйіп кете барды. Айсипа Байжекенованың әкесі колхозды басқарған. Көре алмаушылардың көрсетуімен КГБ келіп, 24 сағатта бүтін бір отбасын Сібірге айдап жіберген. Айсипа әже -70 градусқа дейін баратын аяздарда әупірімдеп аман қалғандарын еске алады. Тек 50-жылдары ғана туған жердің топырағына табаны тиеді.  

Айсипа Байжекенова, репрессия құрбаны: 

Мұны айтудың өзі оңай емес. Мен халық жауының қызы болдым. Жұмысқа салады. Ол аздай бригадир үнемі соққыға жығатын. Айына екі рет КГБ-ға барып жазылып тұрамыз. Бармасаң, айыппұл салады. Өмір бойы Сібірде қаламыз ба деп қорқатынбыз. Әйтеуір Хрущев келіп, 10 жыл жаза мерзімі өткесін елге оралдық.

Күштеп қоныстандыру, атамекенінен жер аудару. Халық жауларының отбасылары Қазақстанға вагондармен жеткізіліп жатты. Қазақ халқының мейірімділігі бізді сақтап қалды, деп еске алады репрессия құрбандары.

Татьяна Кагерманова, репрессия құрбаны:

Біздің жанұямызды қазақ отбасы қарауына алған еді. Ол адамдар соңғы тілім нанын бөлісіп жеген. Біздің ата-аналарымыз дастарханға отырмайынша, тамақ жемеген. Ал бүгін біз сол бауырмалдылықты, сол мейірімділікті ұмытуға хақымыз жоқ.

Жалған жала жабылып, қара күйе жағылғандар 54 жылдардан бастап қана ақтала бастады. Тек 91 жылы саяси қуғынға ұшырағандар толық ақталды. Алайда көбі ақталғанын білмей арманда кетті. Мыңдаған боздақтың сүйегінің қайда қалғанын білмей, туған топырағына жеткізе алмай отырмыз .  Өкініштісі осы

Айгүл Әдепбай «Біздің уақыт».