$498.34 €519.72 ₽4.85
×

20 млрд доллар жоғалтса да, әлемдегі 5-ші миллиардер

AstanaTV
26.12.2015ж. 20:30
798
20 млрд доллар жоғалтса да, әлемдегі 5-ші миллиардер

Дәулеті жағынан әлемдегі алғашқы бестікке енетін мексикалық миллиардер Карлос Слим бір жылда 20 млрд –қа жуық дәлірегі 19,9 млрд долларға кедейленді, бұл Гондурастың экономикасына тең-, деп хабарлады, РБК арнасы, Bloomberg-ке сілтеме жасап. Слим мырзаның басты активі  215 млн-нан астам абоненті бар America Movil SAB телекоммуникациялық компаниясы мексика нарығындағы үстемдігінен айырылып барады. Акциялары 18 пайызға құлдыраған. Себебі Мексика өкіметі оны инфрақұрылымдарды нарықтың басқа қатысушыларымен бөлісуді міндеттеген. Карлос Слим Бразилия нарығындағы бизнесінің рецессияға ұшырауынан және Еуропа нарықтарына ену мүмкіндіктерінің әлсіздігіненде кедейленіп барады. Forbes-ң жыл басындағы рейтінгісінде ол, Microsoft –ң негізін қалаушы Билл Гейтстен кейін $77,1 млрд дәулетпен екінші орында  етін. Гейтсте $79,2 млрд., үштікті жабатын Уоррен Баффетте  $72,7 млрд. Карлос Слим 20 млрд-қа жуық кедейленгесін, $52,8 млрд-пен  5 – орынға түсті. Айтпақшы ол The New York Times басылымының ірі акционері 16,8% үлесі бар.