Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Еліміздің үш өңірі ЭКСПО-2017 нысандары құрылысына жұмылдырылды

AstanaTV
28.12.2015ж. 20:00
824
Еліміздің үш өңірі ЭКСПО-2017 нысандары құрылысына жұмылдырылды

Қостанай, Павлодар және Қарағанды облыстарының тауар өндірушілері «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің құрылысына қатысады. «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов аталған өңірлердің әкімдерімен  жұмыс кеңесін өткізіп, арнайы меморандум жасасты.

Енді бұл аймақтар кешенді құрылыс материалдарымен қамтамасыз етеді. Мұнан бөлек, көрмеге келушілерді табиғи байлықтарымен де таныстырады. Ахметжан Есімовтың айтуынша, ЭКСПО-қалашықтың құрылысына 7,5 мыңға жуық адам тартылған. Ал жобаларды қайта қарастыру жүргізілген соң, шығындар 78 млрд теңгеге азайды.

Ахметжан Есімов, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы:

Отандық кәсіпорындарды тарту бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасы орындалуда. Осының нәтижесінде Қазақстанның әрбір өңірінде жаңа жұмыс орындары ашылды деп айтсақ болады, бүгінде құрылыс жұмыстарына 7 421 адам мен 444 техника жұмылдырылған. 

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА