$533.61 €621.07 ₽6.78
×

«Емшан» компаниясының вице-президенті Ербол Әділов қамауға алынды

AstanaTV
28.12.2015ж. 20:00
1379
«Емшан» компаниясының вице-президенті Ербол Әділов қамауға алынды

Ақтөбеде «Емшан» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті, облыстық мәслихаттың экс-депутаты Мейіржан Өндіргеновке қатысты іс жалғасуда. Енді оның бұрынғы орынбасары Ербол Әділов қамауға алынды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті ақпарат таратты.

Дерекке сай, Ербол Әділов қылмыстық топтың белсенді мүшесі болған деген күдікке ілінді. Тексеру барысында «Автопарк» мекемесінде орын алған заңсыздықтар анықталды. Яғни оған серіктестіктің кірісі туралы жалған ақпарат беріп, бюджеттен бөлінген қаржыны жымқырды деген айып тағылуда. Тәртіп сақшылары Әділовтің 2009 жылдан бері 4 жарым млрд теңгені қолды еткенін алға тартты. Қазір ол уақытша қамауда отыр. Тергеу жалғасуда.

Еске салайық, облыстық мәслихаттың экс-депутаты Мейіржан Өндіргенов мамыр айында «ірі көлемде қаржы бопсалады» деген күдікпен қамауға алынған. Тінту кезінде үйінен ірі көлемде шетел валютасы тәркіленді. Кейін облыстық сот оның бірнеше жылжымайтын мүлігіне тиым салған. 

Мансұр ЕСХОЖИН