Денсаулық
сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Ұлттық дәрілік формулярды әзірледі. Бұл
туралы Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті төрағасының
орынбасары Лариса Пак мәлімдеді. Ұлттық формулярда мемлекеттік
реестрде тіркелген дәрілердің шектеулі бағасы белгіленген. Бұл әлеуметтік
жағдайы төмен әрі табысы аз жандарға дәрі-дәрмекті қолжетімді етуді қамтамасыз
етпек. Тізімге ғылыми тұрғыда ғана емес, тәжірибеде дәлелденген сапалы дәрілік
заттар еніп отыр.
Лариса
Пак, медициналық және фармацевтикалық
қызметті бақылау комитеті төрағасының орынбасары:
Ұлттық
формулярда халықаралық патенттелмеген 616 сауда белгісі бар. Және мемлекеттік
реестрде тіркелген 2842 дәрілік атаулар мен медициналық мақсаттағы 256 бұйымның
бағасы көрсетілді. Аталған дәрі-дәрмектерді арзандату үшін, фармөндірушілермен
келіссөздер жүргізілді. Нәтижесінде дәрілер құны 10-нан 50-пайызға дейін
төмендеді.
Берік ХАСЕНОВ