Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Атырауда бекіре балықтары мен оның уылдырықтары өртелді

AstanaTV
28.12.2015ж. 20:00
1426
Атырауда бекіре балықтары мен оның уылдырықтары өртелді

Атыраудағы арнайы полигонда екі тонна бекіре балығы мен 24 келі қара уылдырықтың көзі жойылды. Браконьерлерден тәркіленген өнімдер Бекіре өсіру зауытының мұздатқышында екі жыл  сақталыпты. Жарамдылық мерзімі өткен соң, арнайы комиссия оларды өртеу керек деп шешкен.

Ақтаң Қуанов, Атырау облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры:

Аталған тауарлар сот үкімі шыққан қылмыскерлерден тәркіленген. Балықтар 2014-2015 жылдан бері сақталып келді. Алдағы уақытта мұндай тауарлар  белгіленген баға бойынша сатылатын болады.

Айта кетейік, биылғы 22 қыркүйектен бастап, ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен, браконьерлерден тәркіленген бекіре балығы мен оның уылдырығын сатуға рұхсат берілді. Арнайы баға да бекітілді. Соған сай зауыттан бекіре балығының келісін 1 555 теңгеге, ал 1 келі уылдырықты 140 661 теңгеге сатып алуға болады.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ