×

Петропавлда жазасын өтеушілер қардан мүсін жасаудан жарысты

AstanaTV
28.12.2015ж. 20:00
3654
Петропавлда жазасын өтеушілер қардан мүсін жасаудан жарысты

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Қызылжарда қардан мүсін жасаудан жарыс өтті. Оған шаһарда орналасқан 3 бірдей колонияда жазасын өтеуші азаматтар қатысты.

Шеберлер бас-аяғы жүзге жуық мүсін жасапты. Оларды дайындауға бір аптадай уақыт кеткен. "Аймақта ауа райының күрт жылынуына орай, мүсіндердің біразы еріп кеткені өкінішті", - дейді сайыс қатысушылары. Олардың еңбегін бағалау үшін, арнайы қазылар алқасы құрылған. Он саусағынан өнер тамған қатысушылардың айрықша шығармалары төрешілерді тәнті қылды. Мәселен, қолына домбыраны ұстап тұрған Аяз Ата үздік бестіктің қатарына енді.

Нұрсұлтан Дүйсенбаев, сайысқа қатысушы:

Қазақтың ырымын ұмытпайық деп, Аяз Атаның қолына домбыра ұстаттық. Өйткені Аяз Атаның домбыра ұстағаны ешқандай жақта болмаған. Сондықтан бізде болсын деп, қолына домбыра ұстаттық. Маймылдың астында қой болды. Өйткені 2015 жыл қой жылы болғандықтан, ешкі болған. Ауа райының қолайсыздығына байланысты, басы сынғандықтан оны алып тастадық. 

Абзал ҚҰРМАНКИН