Астанадағы ауа райының
қолайсыздығы өзге аймақтарға да әсер етпей қоймады. Алматы әуежайында бүгін 8
рейс бөгелді. Әуежай қызметкерлерінің айтуынша, ұшуы кейінге шегерілген әуе кемелерінің көпшілігі - ішкі рейстерде
қатынайтын ұшақтар. Яғни олар Астана, Қарағанды,
Көкшетау бағытын бетке алған.
Кешеуілдеген ұшақтардың уақыты екі сағаттан алты
сағатқа дейін созылды. Салдарынан 1200-дей жолаушы әуежай ішінде сенделіп
қалды. Арасында Сочи олимпиадасының қола
жүлдегері Денис Тен де бар. Ол таңертеңгі сағат 7-ден бері ұшағын күтіп, әуежай ішінде бөгелуге мәжбүр болды. Арнамызға сұхбат берген спортшы бүгін
Астанада түскі сағат 15.00-ге жоспарланған баспасөз мәслихатын кейінге шегеруге
мәжбүр болғанын айтты.
Денис Тен, Сочи олимпиадасының
қола жүлдегері:
Әуежайда таңертеңнен бері
отырмын. Рейстердің көбісі
кешіккендіктен, жолаушылар да абыржып
қалды. Қазір басқа рейске ауыстырды, енді ұшатын шығармыз. Бүгін Астанада
жоспарлаған іс-шараларым көп еді. Барлығын кейінге жылжытуға тура келді.
Айгүл ЕРМАХАН