Ақтөбедегі
лаңкестік оқиғаны ұйымдастырғандардың әрекетін Қазақстан мұсылмандары діни
басқармасы қатаң айыптайды. Жантүршігерлік жайтке қатысты бүгін бас мүфти Ержан
қажы Малғажыұлы осындай пікір білдірді. Жазықсыз құрбан болған жандардың
отбасыларына көңіл айтты.
Ержан
қажы Малғажыұлы, ҚМДБ төрағасы бас мүфти:
Осы
оқиғаға дін атын жамылған радикалдардың қатысы бар деп айтылуда. Ислам діні
ешкімді ұстанатын дініне немесе ұлтына бөлместен, жазықсыз қан төгуге ешқашан
рұқсат етпейді. Ел мұсылмандарының басын қосып отырған Қазақстан мұсылмандар діни
басқармасы орын алған лаңкестік оқиғаны үзілді-келсілді айыптайды. Ислам - бейбітшіліктің діні.
Сондай-ақ,
Қазақстан халқы ассамблеясы өкілдері де ақтөбеліктерге қолдау білдіріп отыр.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен шұғыл брифингте ұйым өкілдері атынан
ресми үндеуді ассамблея төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған
азаматтар жеткізді. Қоғамдық институт
мүшелері, әсіресе, дін атын жамылып жастарды тура жолдан тайдырып жүргендерді қатаң сынады. Қарапайым
тұрғындарды сабырға шақырды.
Ералы
Тоғжанов, Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары:
Қазақстан
халық ассамблеясы қаза болғандардың отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл
айтады. ҚХА еліміздегі тұрақтылықты шайқалту жолындағы кез келген әрекетті
қатаң сыңға алады. Және барша халықты қаупсіз, гүлденген, тұрақты Қазақстанды
дамытып, нығайту жолындағы Елбасының сындарлы саясатының айналасына ұйыса
түсуге үндейді.
Құралай ПИОНЕР