$533.61 €621.07 ₽6.78
×

Қытай Орталық банкі юань бағамын 2011 жылғы минимумге дейін түсірді

AstanaTV
29.12.2015ж. 20:00
1487
Қытай Орталық банкі юань бағамын 2011 жылғы минимумге дейін түсірді

Қытайдың Орталық банкі юань бағамын тағы төмендетті. Бүгінде 1 АҚШ валютасының құны 6,49 юаньды құрады. Осылайша Қытайдың ұлттық валютасы 114 базистік пунктті жоғалтты, - деп жазады Рейтерс. Бұл соңғы 4 жылдағы ең төменгі көрсеткіш. Қытай ақшасының арзандауы үйреншікті жағдайға айналғанымен, сарапшылар бүгінгі жағдайды рекорд деп бағалап отыр.

Еске салайық, Дүниежүзілік валюта қоры қарашаның соңында юаньді әлемдік резервтегі валюталар қатарына қосқан. Тіпті бұған қол жеткізу үшін, Қытай орталық банкі біраз реформалар жасады. Яғни Бейжің ұлттық валютасын девальвациялады. Ол кезде юань бағамы АҚШ валютасына қатысты 2 пайызға құнсызданған еді. 

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ