$526.5 €611.64 ₽6.72
×

Жеңіс туының көшірмесі Астанаға жеткізілді

AstanaTV
29.12.2015ж. 20:00
1268
Жеңіс туының көшірмесі Астанаға жеткізілді

Қазақстан Қарулы күштерінің Әскери мұражайы тағы бір құнды жәдігермен толықты. Бүгін онда Ұлы Отан соғысында елдің рухын көтерген жеңіс туы қойылды. Бұл - әйгілі жеңіс туының көшірмесі. Туды қазақ батыры Рақымжан Қошқарбаев 1945 жылы Рейхстагқа тіккенін ел жұрт жақсы біледі.

Тарихи құнды жәдігерді Қазақстанның Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовке ресейлік әріптесі Сергей Шойгу тарту етті. Министрлер Мәскеуде өткен Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қарасты елдердің ведомство басшылары қатысқан жиында кездескен.

Мұхаммеджан Таласов, ҚР Қарулы күштері бас штабы басшысының орынбасары:

Елбасы жолдауында айтты ғой, жас балалардың жаңа қазақстандық патриотизмін оятыңдар деп. Соны енді ойлаймын, біздің бабаларымыздың батырлығы жастарымызға үлкен үлгі болады.