Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Шымкентте пиротехникалық тауар сатқан үш азаматқа айыппұл салынды

AstanaTV
30.12.2015ж. 20:00
918
Шымкентте пиротехникалық тауар сатқан үш азаматқа айыппұл салынды

Шымкентте заңсыз саудаланып жатқан пиротехникалық тауарлар тәркіленді. Әкімшілік полиция басқармасы өткізген рейд барысында тәртіп сақшылары екі мыңнан астам от шашуды алып кетуге мәжбүр болды. Өйткені сатушылар тауарының сертификатын көрсете алмаған.

Айта кетейік, пиротехникалық заттарға Жаңа жыл қарсаңында сұраныс жоғары. Сатушы өз пайдасын ойлайды, ал кейбір азаматтар заңсыз тауардан келетін қатерді естен шығарып алады,- дейді полицейлер.

Тимур Есенәлиев, ОҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасының инспекторы:

Аталған іс-шара барысында ҚР  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 483 бабына сәйкес үш азаматқа  5 АЕК айыппұл салынып, пиротехникалық заттары тәркіленіп алынып, сотқа жолданды. Соттың шешімі бойынша ,ол пиротехникалық заттар міндетті түрде жойылады. 

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ