Қызылордалық бірқатар азаматтар
Жаңа жыл қарсаңында қуанышқа кенелді. «Астана» арнасында бірнеше рет мәселесі
көрсетілген Титов шағын ауданындағы апатты үй тұрғындары бүгін қоныс тойын
тойлап жатыр. Олар, «көне үйдің астында
қалып қоямыз ба», деген үрей артта қалғанын жеткізді. Кең, жарық, жылы пәтерлерге
қол жеткізген отбасылар мерекені қарсы алуға қамданып жатыр.
Өткен жылы облыс
қазынасынан 470 миллион теңге бөлініп, құрылыс қыркүйек айында басталған. Айта
кету керек, бұл шағын ауданда екі жыл бұрын онға жуық апатты үйлер болатын.
Бүгінде алты көп қабатты үй салынып, пайдалануға берілген.
Кенжебек Байменов:
Бес жылдай тұрдық кезекте, жаңа
үйге көшіп келіп жатқанымызға қуаныштымыз, жаңа жылды бала-шағамызбен осында
қарсы аламыз.
Шарипа САҚТАПОВА