$445.68 €478.35 ₽5.57
×

Жомарт жандар Аяз атаға хат жазған балалардың тілегін орындады

AstanaTV
30.12.2015ж. 20:00
1916
Жомарт жандар Аяз атаға хат жазған балалардың тілегін орындады

Аяз атаға хат жазған балалардың тілегін жомарт жандар орындады. Жаңа жылдың басты кейіпкеріне 300-ден астам өскемендік жеткіншек хат жазған. Соның ішінде көмекке мұқтаж отбасылардың ұл-қыздарына тосын сыйды қарапайым халық жасады. 20-дан астам бүлдіршіннің арманы орындалды.

13 жастағы Таня Вальтердің қимыл-тірек жүйесіне зақым келген. Ол өзіне аяқтың бұлшық етін нығайтатын тренажер, ал 3 жасар інісіне ойыншық көлік сыйлауды өтініпті. Баланың хатын оқыған Өскемен тұрғындары ақша шығарып керек-жарақтарын сатып әперген. Жомарт жандар өздерінің аты-жөнін атағанды қаламайды. Ал Аяз ата мен Ақша қардың сыйлығы ұл-қыздардың есінде ұзақ сақталары анық.

Валентина Вальтер:

Тренажерді армандағанымызға 3-4 жылдың жүзі болды. Таня аяғымен жүре алмайды. Перзентім денсаулығын түзеу үшін, көп қимылдап, жаттығулар жасауы керек. Сатып алуға жағдайымыз келмейді. Енді міне көптен күткен арманымыз орындалды.