$514.5 €582.67 ₽6.35
×

Мешін жылына арналған болжамдар қандай?

AstanaTV
31.12.2015ж. 20:00
1972
Мешін жылына арналған болжамдар қандай?

Келе жатқан мешін жылы сынақтарға толы болмақ. Болашаққа болжам жасайтындар осы тектес жорамалдарға жүгінуде. Ал Қарағанды хайуанаттар бағының қызметкерлері мешіннің шартпа-шұрт мінезінен басқа, тез бейімделгіш, шапшаң, қу әрі ақылды жануар екенін айтады. 2016 жылға арналған болжамдар Айжан Қуаштың репортажында.

Қарағанды хайуанаттар бағының маймылдары жаңа жыл басталмай жатып, елдің сүйіктісіне айналған. Мұнда 2 жыл бұрын Ташкенттен әкелінген Мишель мен алматылық Марго жұптасқан. Қарағандылықтар күн сайын келіп, мешіндерді тамашалаудан жалықпайды. Ырымшыл адамдардың арқасында олар жеміс-жидектер мен сыйлықтардың астында қалды.

Светлана Пилюк, Қарағанды хайуанаттар бағының бас маманы:

Маймыл ештеңені қалт жібермейді, ол қу әрі ақылды. Тез үйретіледі. Шапшаң, тапқыр әрі шешімді тез қабылдайды. Топтасып әрекет етсе, мақсатына жетеді. 

Шығыс күнтізбесі бойынша мешін көңілді мақұлық деп суреттеледі. Бірақ мінезі тым құбылмалы.

Айжан Қуаш, тілші:

Дегенмен жұлдызнамашылар мешін бейбітшілікті жақсы көреді, ол әр адамға жұлдызды сәт сыйлайтынын айтады. Әр отбасы әрбір жаңа жылдан тек жақсылық қана күтеді. Жұлдыздарға қарап болжам айтатын астрологтар мешін жылын жарқырап киініп, көңілді қарсы алуға кеңес береді. 

Түркі халықтары үшін Жаңа жыл Наурызда енеді. Астрологтар мешін жылын қалай болжаса да, халық жаңа жылды асыға күтіп жүр. Мешін жылы еңбекқорларды ұнатады. Болжамдарға сенсек, мүмкіндікті қалт жібермеген тапқыр жандарға оның сыйы көп.

Айжан ҚУАШ