$526.5 €611.64 ₽6.72
×

Таразда Елбасымен бірге оқыған және ақ батасын алған азаматтармен кездесу өтті

AstanaTV
01.12.2015ж. 20:00
2694
Таразда Елбасымен бірге оқыған және ақ батасын алған азаматтармен кездесу өтті

«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы». Осындай тақырыппен Таразда мемлекет басшысымен бірге оқыған және оның ақ батасын алған азаматтармен кездесу кеші өтті. Шараға орай «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалына қоғам белсенділері жиналды. Президенттен пайымды пікір естіп, қолын алғанына қуанған жас буын өкілдері өз әсерлерін жырға қосты. Бір кездері Нұрсұлтан Назарбаевпен жүздесуге мүмкіндік алған кәсіпкерлер де тарихи сәтті тебірене отырып еске алды. Данияр Әлімқұл тақырыпты толықтырады.

Тұңғыш Президент күнінде тараздық жастар тамаша кездесудің куәсі болды. Олар президентпен бірге оқыған Рахымжан Мырзахметовтың Елбасы жайлы естеліктерін тебірене тыңдады. Ол президенттің курстасы, әрі 5 жыл зауытта бірге жұмыс істепті. Рахымжан ақсақалдың айтуынша, оның ұлдарының есімін де Елбасы қойған. 

Рахымжан Мырзахметов, Елбасының курстас досы:

«Ер жігіт асқан шыңды ала білер, Ерлігін Елбасының көргің келсе, Есілдің бойындағы қаланы көр», - дегем. Бәріміздің қамқоршымыз болды. Талай қамқоршылық тірлік істеді. Курстасым, міне, осы күнге дейін ұмытпағанын айтамын. Бізге телеграмма беріп жібереді: «Туған күніңмен!» - деп.

«Нұр аға, нұрлы күндер шуақ берсін, Жаныңа жадыраған жыр ап келсін, Елімнің Егеменді егесі сіз. Халқымның ақ батасы қуат берсін.»

Бұл - Елбасының ерен еңбегін жырға қосқан кәсіпкер Айтқазы Қарабалаев. Оның айтуынша, президентке өлең арнау үлкен батылдықты қажет етеді. 

Айтқазы Қарабалаев, ақын-сазгер:

Мына «Елбасы сайлауы қарсаңында», «Нұраға - елдің қорғаны» деген 4 өлең қазір жарық көрді. Оның біреуіне клип түсіріліп жазылған. Елбасыға өлең жазудың өзі, шынын айту керек, қиын. Өйткені оның барлығы халықтың, елдің ортасында жүргендіктен, оның барлығын өлеңдермен жеткізудің өзі үлкен мағыналы, мәнісі бар.

Басқосу тамаша естеліктерге толы болды. Елбасымен кездескен жандар өмірінен жастарға жігер берер бейнероликтер көрсетілді. Дәл осы күні билік партиясы қатарына қабылданғандардың қуанышында шек жоқ. Жамбыл өңірінің жеті бірдей азаматы Тұңғыш Президент күнінде «Нұр Отан» партиясының су жаңа куәлігін алды.

Данияр ӘЛІМҚҰЛ