Астаналық
15 ардагер мен тыл еңбеккерлері «Балқаш» емдеу-сауықтыру кешеніне жолдама алды.
Қарт жауынгерлерге "Нұр Отан" партиясының елордалық «Бірлік» филиалы
осындай тарту жасады. Енді олар жанға жайлы шипажайда 10 күн бойы демалады.
Ардагерлерді бастауыш партия өкілдері
мен жастар қауымы, сондай-ақ біздің түсіру тобымыз да шығарып салған еді.
Спорттық
киім-кешек, жеке заттар салынған сөмке. Жолаушылар сапарға дайын! Сарбаздар секілді
қаз-қатар сапқа тізілген қариялардың көңіл-күйлері де шат-шадыман! Ардагерлер мен тыл еңбеккерлері «Балқаш»
емдеу-сауықтыру кешенінде денсаулықтарын түземек. «Нұр Отан» партиясының Астана
қалалық «Бірлік»
филиалы қарияларға осындай тамаша тарту жасады.
Әлия
Қайшарова,
«Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалы төрағасының бірінші орынбасары:
Кейбір жанұяларда балалары ата-аналарын мұндай
демалысқа жібере алмайды. "Нұр Отан" партиясының шешімі бойынша үлкен адамдар
демалып келсін деген шешім шығарылды.
Қариялар
мен ақ жаулықты әжелердің көңілдерін аулау үшін белсенді жастар барын салды.
Үлкендер де марқайып, бір серпіліп қалғандай. Жастармен бірге ән шырқап, би
биледі.
Айта
өтейік, партия мұндай жолдамаларды "Ардагерлерді ардақтайық"
акциясының аясында үлестіріп отыр. Шара
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай қолға алынған 25 игі істің бірі. 77 мен 90 жас
аралығындағы ардагерлердің екеуі - Ұлы Отан соғысына қатысқан қарт майдангерлер.
Өзгелері тыл еңбеккерлері. Қариялар Балқаш көлінің жағасында тынығу арқылы денсаулықтарын
түзеп қайтарына сенімді.
Құлияс
Табыл, тыл еңбеккері:
«Нұр
Отанға» рахмет, зейнеткер адамдарды елеп, 10 шақты күнге демалдыруға алып бара
жатыр. Бізге ғана емес, өзге де қарияларға көмектесіп тұрса, үлкен мәртебе.
Қариялармен
бірге Астанадан дәрігер де сапарға аттанды. Ол ардагерлердің денсаулығын жол бойы бақылап отырады. Алдағы аптада қарт
майдангерлер толықтай тегін медициналық ем алады. Мектеп оқушыларымен кездесу
де жоспарланған. Балаларға сұрапыл соғыстың зардаптары мен майданда көз жұмған
батырлардың ерлік әрекеті жайлы сыр
шертпек.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА