Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

ЭКСКЛЮЗИВ: Түркиядан транзит арқылы Қазақстанға келетін 78 жүк көлігі шекарадан өте алмай тұр

AstanaTV
01.12.2015ж. 20:00
910
ЭКСКЛЮЗИВ: Түркиядан транзит арқылы Қазақстанға келетін 78 жүк көлігі шекарадан өте алмай тұр

Елбасы Жолдауында айтылған салық жүйесін оңтайландыруға қатысты өзгерістер кәсіпкерлер арасында бәсекелестікті арттыруға әсер етеді. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов осылай деп мәлімдеді. Жолдаудан туындайтын міндеттерді талқылауға қатысты Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте бірқатар маңызды жәйттер сөз болды. Айта кетейік, президент биылғы Жолдауында салықтың тек үш түрін қалдыру керектігін айтқан еді.

Абылай Мырзахметов, «Атамекен» ҚР ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы:

Елбасының айтқаны, салықты өзгерткенде салықтың бизнеске деген түсімі өзгермеу керек, деді. Бұл ең бастысы. Әрине, бұл да кәсіпкерлердің бәсекелестігін көтеруге әсер ету керек. Елбасы да айтты, біз де айтып жүрміз, Үкімет мүмкіндігі бар кезде көмектесті, енді қазір мемлекеттің мүмкіншілігі жоқ. Өйткені салық арқылы біздің бюджетіміз дайындалады.

«Астана» телернасының сұрағына жауап берген «Атамекен» палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов елімізге Ресей арқылы транзитпен келетін жүктердің бүгінде Ресей мен Грузия шекарасында тоқтап тұрғанын айтты. Түркия тауарларын Қазақстанға өткізудің баламалы жолы табылмаса, отандық кәсіпкерлер үлкен шығынға батуы мүмкін,- дейді Мырзахметов. Оның мәліметінше, Қазақстанға өтуі тиіс болған 78 көлік шекарада тұр. Баламалы бағыт ретінде жүктерді Грузия мен Әзірбайжан арқылы, Каспий теңізі портымен алып өту мәселесі қаралып жатыр. Бірақ  бұл тасымалдың құны қымбатқа түсіп тұрған көрінеді.

Абылай Мырзахметов, «Атамекен» ҚР ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы:

Грузия мен Әзірбайжан арқылы, яғни Ресейден басқа территория арқылы өту туралы маршрутын министрлікпен келісіп, кәсіпкерлерге айтып бердік. Сондықтан кәсіпкерлерге көмектесуге дайынбыз. Ақтау арқылы, Баку арқылы қазір Әзірбайжан теміржолдарымен Әзірбайжан портымен де келісіп жатырмыз. Ол арадағы бағаны төмендету туралы. Сол ақысын төмендетсе, біздің кәсіпкерлерге көп шығын әкелмейді. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ

Алдыңғы жаңалық