$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Астанада елдің бас жаңа жылдық шыршасының шамы жағылды

AstanaTV
01.12.2015ж. 20:00
1587
Астанада елдің бас жаңа жылдық шыршасының шамы жағылды

Мереке күні Мемлекет басшысы қалыптасқан дәстүр бойынша елдің бас жаңа жылдық шыршасының шамын жақты. Алып шырша «Хан Шатыр» сауда орталығы маңындағы мұз қалашығында орнатылған.

Бас шыршаның биіктігі - 25 метр. Шырша шамын жағу салтанатына Астанадағы екі мыңнан астам жеткіншек қатысты. Бұл шара биыл сегізінші рет ұйымдастырылды. Астанадан бастау алған салтанатты рәсім республика бойынша барлық қалалар мен елді мекендерде жалғасады.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ