$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Қарағандылықтар мереке күні жаппай шаңғы тебуге шықты

AstanaTV
01.12.2015ж. 20:00
1744
Қарағандылықтар мереке күні жаппай шаңғы тебуге шықты

Қарағандылықтар мереке күні жаппай шаңғы тебуге шықты. Қала сыртында өткен  жарысқа 6 жасар баладан 60-тағы қарияға дейін қатысты. 3 жүзге жуық спортшының арасында әуесқойлар да, кәсіби спортшылар да болды.

Салтанат шаңғысын барынша баптап жатыр. Спорт шеберінің айтуынша, жайлы бәтеңке, ыңғайлы киіммен бірге аяқтағы шаңғы жүйрік болуы тиіс. Ол жылдам жүйткуі үшін табанына жұқалап қана парафин жағылады.

Сайысқа жиналғандар мәре-сәре, барлығы мерекелік көңіл күйде. Ауа райы да жылы, қала сыртындағы жарыс алаңы жарысқа сақадай сай. Шаңғышыларға арнайы жол да жасалып қойған.

Жарыс ересектер мен жастар, балалар мен ардагерлер арасында жеке -жеке өтті. Шаңғы тебушілердің көптігі сонша, қатысушылар саны 3 жүзге жетті. Спортшыларды қолдауға келген жанкүйерлердің де қарасы қалың.

Ярослав Климунок, жарыс төрешісі:

Біз 2 жүз адам қатысады деп, 2 жүз нөмір дайындағанбыз. Қатысушыларға дайындағын нөміріміз жетпей қалды. Тұрғындар спорттың қажеттігін түсінді. Мынадай тамаша күнде таза ауада жүргенге не жетсін?!

Әсіресе, балалардың қысқы спорт түріне деген бет бұрысы қуантады. Бүгінгі жарысқа қаланың барлық мектептерінің оқушылары ат салысты.

Алдияр Назымбек:

Бұл спорт түрі өті пайдалы, қимыл, іс-әрекетке жақсы. Көңілді, көп дене шынықтырады.

Жеткіншектерді қолдауға кәсіби спортшылар да келді. 28-інші жазғы олимпиада ойындарының жүлдегерлері Дмитрий Карпов пен Серік Елеуовтер шаңғы теуіп, жас ұрпаққа үлгі көрсетті.

Серік Елеуов,  ХХVІІІ жазғы олимпиада ойындарының қола жүлдегері:

Осындай жарыстарды көп өткізіп, спортқа біздің оқушы, балаларды тартып, тәрбиелеу керек.

Көңілді жарыстың жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ал, жүзден жүйрік шыққандар республикалық шаңғы додасына қатысады.

Айжан ҚУАШ