$540.84 €634.46 ₽6.43
×

«Росатом» Қазақстандағы АЭС құрылысына қатысты үкіметаралық келісімнің мақұлдануын күтуде

AstanaTV
03.12.2015ж. 20:00
«Росатом» Қазақстандағы АЭС құрылысына қатысты үкіметаралық келісімнің мақұлдануын күтуде

Ресейлік «Росатом» компаниясы Қазақстанда бірінші атом электр станциясын салуға қатысты үкіметаралық келісімнің мақұлдануын күтуде.

Аталған келісімнің қаралуы 2016 жылға жоспарланған. Бұл жайында бүгін Астанада «Росатом - халықаралық желі» компаниясының президенті Александр Мертен мәлімдеді. Жобаға қанша қаражат жұмсалатыны жайында нақты ақпарат әзірге жоқ,- дейді ол. Алайда, Қазақстанда салынатын АЭС «3+» санатына сай болады деп сендірді.

Александр Мертен, «Росатом - халықаралық желі» компаниясының президенті: 

Бір анығы, атом электр станциясы МАГАТЭ талаптарына сай «3+» буынды болмақ. 2016 жылы үкіметаралық келісім мақұлданса ғана, нақты сандарды айта аламыз.

Ләйлә  ҚАЗИАҚПАРОВА