$526.5 €611.64 ₽6.72
×

Қостанайда көпқабатты үйге «жарылғыш зат қойылды» деген ақпар жалған болып шықты

AstanaTV
04.12.2015ж. 20:00
943
Қостанайда көпқабатты үйге «жарылғыш зат қойылды»  деген ақпар жалған болып шықты

Ал Қостанайда көпқабатты үйге «жарылғыш зат қойылды» деп тұрғындар мен арнайы қызмет өкілдерін әбігерге салғандар мектеп оқушылары болып шықты. Енді  жалған хабар таратқан тентектердің ата-анасы жауапкершілікке тартылмақ.

Неизвестный позвонил, сказал, что у вас заложена бомба, ну, и вот вызвали 102, приехали.

Эвакуировали, предоставили место для того, чтобы люди не были на улице.

Кеше кешкісін Абай көшесіндегі нөмірі 2-ші үйдің 77 жастағы тұрғынына белгісіз біреулер қоңырау шалып, көпқабатты үйге жарылғыш зат қойылғанын айтады. Зейнеткер дереу полицияға хабарлаған. Құзырлы орган өкілдері мен өрт сөндіру техникалары дер кезінде жетіп тексеру жүргізе бастайды. Жедел жәрдем қызметі де келген.

Үй қоршауға алынып, 36 пәтердің тұрғындары сыртқа шығарылды. Жарылғыш затты іздестіруге жүзге жуық қызметкер мен  30 техника жұмылдырылды. Тексеру шаралары 2 сағаттан астам уақытқа созылды. Кейін ешқандай жарылғыш заттың жоқтығы анықталып, адамдар баспанасына кіре бастады. Жалған ақпар таратқан 4 жасөспірімнің ата-анасы қылмыстық жауапкершілікке тартылады, - дейді  полицейлер.

Әділбек Нұрмахин, Қостанай облыстық ІІД баспасөз хатшысы:

Терроризм актісі туралы қасақана жалған хабар таратқаны үшін, ҚР ҚК 273 бабы бойыншы қылмыстық іс қозғалды. Жалған шақыртуға шыққан арнайы қызметтердің шығындарын осы жасөспірімдердің ата-анасы өтейтін болады. 

Заңғар САНАЙ