$526.5 €611.64 ₽6.72
×

Қызылжарда көктайғақтың салдарынан көлік қатынасы қиындаған

AstanaTV
04.12.2015ж. 20:00
1096
Қызылжарда көктайғақтың салдарынан көлік қатынасы қиындаған

Қызылжарда екі күн қатарынан жаңбыр жауып, жолдар көктайғаққа айналды. Салдарынан облыста көлік қатынасы қиындаған. Республикалық және облыстық маңызы бар жолдар кеше кешке жабылған. Бүгін таңертен олар қайта ашылды. Абырой болғанда, аймақта ірі жол апаттары тіркелмеген.

Ауа райын болжаушылардың мәліметі көңіл көншітпейді. "Қазгидромет" мамандары таратқан ақпаратқа сәйкес, жаңбыр әлі үш күн жауады. Демек, алдағы күндері де көктайғақ болуы мүмкін. Төтенше жағдай қызметкерлері өңір тұрғындарын абай болуға шақырады.

Абзал ҚҰРМАНКИН