$526.5 €611.64 ₽6.72
×

Түркия мен Әзірбайжан газ құбыры жобасын жүзеге асыруды жеделдетпек

AstanaTV
04.12.2015ж. 20:00
1483
Түркия мен Әзірбайжан газ құбыры жобасын жүзеге асыруды жеделдетпек

Түркия мен Әзірбайжан газ құбыры жобасын жүзеге асыруды жеделдетпек. Бұл туралы Баку сапары кезінде Түркия премьер-министрі Ахмет Дәуітоғлы мәлімдеді, - деп хабарлайды Рейтерс. Ол газ құбырын 2017 жылы іске қосу керек деп санайды. Бастапқы жоспар бойынша құбыр 2019 жылы ашылуы керек еді.

Осы құбыр арқылы Әзірбайжан газы Түркияға, одан әрі Еуропаға жеткізіледі. Анкара мен Мәскеудің қарым-қатынасы шиеленіскен соң, құбырдың Түркия үшін стратегиялық маңызы арта түсті. Жаңа бағыт арқылы Түркияға 6, ал кәрі құрлыққа 10 млрд текше метр газ жеткізіледі деп күтіліп отыр.

Құбырдың ұзындығы - 1700 шақырым. Ол Әзірбайжаннан шығып, Грузия, Түркия, Грекия, Албания арқылы Италияның оңтүстігіне дейін созылмақ. Құрылыс биыл наурыз айында басталған. Ауқымды жобаға Әзірбайжанның мемлекеттік мұнай компаниясы 12 млдр доллар инвестиция құйды. Түріктің алпауыт компаниялары да бас-аяғы 5-6 млрд доллар беретінін жариялаған.

Айгүл ӘДЕПБАЙ